«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумын өткізу туралы

Дата публикации: 13.03.2024 в 15:29

ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 16 сәуірі «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумын (бұдан әрі – Форум) өткізу жоспарлануда.

Форум қашықтық форматта өткізіледі.

Форумның мақсаты – білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қарым-қатынасты тәрбиелеу.

Форумның номинациялары:

  • «Жасыл мектеп»номинасиясы;
  • «Экотеатр» интерактивті қойылымы» номинациясы;
  • «Экоблогер» әлеуметтік бейнематериал номинациясы;
  • «Үздік Арт-нысан» номинациясы;
  • «Идеядан іске асуға дейін» лепбук байқауы.

Форум үш кезеңде өткізіледі:

Бірінші кезең (іріктеу) – мектепішілік Форум (2024 жылдың 7 сәуіріне дейін);

Екінші кезең (іріктеу) – аудандық / қалалық Форум (2024 жылдың 10 сәуіріне дейін);

Үшінші кезең (қорытынды) – облыстық Форум (2024 жылдың 16 сәуір, қашықтықтан).

Номинациялар бойынша барынша жоғарғы ұпай жинаған қатысушылар 2024 жылдың маусым айында өтетін «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің қашықтықтан өтетін Республикалық форумына жолдама алады.

Форумның іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдері аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшыларының, мамандандырылған білім беру ұйымдары директорларының бұйрықтарымен анықталады.

Форумға аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінен өткен жалпы орта білім беретін мектептер мен  қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысады.

Қатысушылардың жасы: 12-17 жастағы оқушылар (2024 жылдың мамыр-маусым айларында!).

Топтың құрамы әр аудан/қаладан 9 оқушы және 1 жетекші болуы қажет.

Білім бөлімдері басшыларының және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған қатысу туралы хатты және конкурстық жұмыстарды ұйымдастыру комитетіне 2024 жылдың 10 сәуіріне дейін Өскемен қ., Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет. Тел. 8(7232)75-26-91.

Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:

1) Форумның аудандық/қалалық кезеңдері жеңімпаздарының Форумның облыстық кезеңіне өтінімі (1-қосымша);

2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың сканерленген көшірмелері;

3) www.youtube.com сайтына жүктелген бейнематериалдардың сілтемесі.