Облыстық интеллектуалдық «Үркер» конкурсын өткізу туралы

Дата публикации: 8.04.2024 в 12:35

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2024 жылдың 10 сәуірінде оқушылардың оқу әрекетін ынталандыру, жаратылыстану циклы бойынша оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында 8-11 сынып оқушылары үшін химия, физика, биология, география пәндерінен облыстық интеллектуалдық «Үркер» конкурсын өткізетінін хабарлайды.

Конкурсқа қатысу ерікті болып табылады, оқушылардың қалауына қарсы тартуға тыйым салынады. Конкурсқа қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды. Конкурс барлық қатысушылар үшін алдын-ала іріктеусіз өткізіледі. Конкурсқа қатысу ақысыз. Конкурс бір уақытта онлайн режимінде өткізіледі. Оn-lineтестілеу 2024 жылдың 10 сәуірі күнісағат 09:00-ден бастап 21:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) https:// shygysdaryn.ai.kz/ сайтында қолжетімді болады. Конкурс 4 нұсқасы бар 30 мәтіндік тест тапсырмаларынан тұрады. Конкурс тапсырмаларын орындау – 60 минут. Бір оқушы бірнеше пәнге қатыса алады.

Конкурстың қорытындысы бойынша ата-аналарының (заңды өкілдері) қалауы бойынша ниет білдірген жағдайда жүлдегерлерге грамоталар, қатысушыларға сертификаттарды басып шығару үшін (құны 500 тг.) өтінім қабылданады. Төлемді «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (ШҚ ҒӘО Дарын қатысу), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), «ЦентрКредит Банкі» АҚ («Дарын» дамытудың ғылыми-әдістемелік орталығы) қосымшалары мен терминалдары арқылы төлеуге болады.

Грамоталар мен сертификаттарға өтінімдер төлемақы түбіртегінің көшірмесімен білім бөлімдері/мектептерден 2024 жылдың 05 маусымына дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 мекенжайында немесе vk_daryn@mail.ru электронды поштасында қабылданады.