«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізу ЕРЕЖЕСІ

Дата публикации: 8.04.2024 в 13:42

1. Жалпы ережелер

1.1. «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық кезеңінің қашықтықтан көрме-байқауын өткізу ережелері (бұдан әрі – Көрме-байқау) оның мақсатын, міндеттерін өткізу және қаржыландыру  тәртібін анықтайды.

1.2. Ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы болып табылады.

1.3. Мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

2. Көрме-байқаудың Ұйымдастыру комитеті

2.1. Көрме-байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.  

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

– Көрме-байқауды өткізудің жалпы тәртібін анықтайды;

– тікелей басшылықты жүзеге асырады;

– Көрме-байқауға қатысу үшін өтінімдер мен қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;

– Көрме-байқау жұмыстарын бағалау критерийлерін анықтайды;

– нәтижелерді талдайды және қорытындылайды.   

2.3. Көрме-байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

3. Көрме-байқауды өткізу мерзімі және тәртібі

3.1. Көрме-байқау 2024 жылдың 03 сәуірінде қашықтықтан өткізіледі.

3.2. Қалалардың (аудандардың) білім беру бөлімдерінің басшылары қол қойған көрме-байқауға қатысу үшін өтінемдерді (1-қосымша)  2024 жылдың 01 сәуріне дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.

3.3. Конкурстық жұмыстар электрондық түрде қабылданады;

3.4. Өтінімге қатысушылар туралы ақпарат қоса беріледі (номинация, жұмыстың атауы, орындаушының Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, білім беру ұйымы, жетекшінің аты-жөні, ұялы телефоны);

3.5. Көрме-байқаудың ұйымдастырушылары көрме-байқау материалдарын БАҚ-та авторын көрсете отырып жариялауға құқылы.

4. Көрме-байқауға қатысушылар

4.1. Облыстық Көрме-байқауға аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 11-17 жас аралығындағы оқушылары қатысады.

5. Көрме-байқауды өткізу тәртібі және шарты

5.1. Көрме-байқауға авторлық (жеке) туындылардың әр түрлі жанрдағы, техникадағы және материалдағы фотосуреттері қабылданады: әр қатысушыдан 1 жұмыстан қабылданады (бір бала бір номинацияға қатысады):

1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;

2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);

3) металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;

4) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;

5) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;

6) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг, папье-маше;

7) ұлттық нақыштағы интерьердің дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т. б.

Барлық номинациялар бойынша жұмыстар түпнұсқаны сканерлеу немесе фотоға түсіру жолымен немесе компьютерлік графикалық редактордың көмегімен орындалған электрондық көшірмелер (графикалық файлдар) түрінде қабылданады. Файл параметрлері: jpg немесе png форматы.

Қосымша материал ретінде жұмыс жасау үдерісін көрсететін фотосуреттер ұсынылады. Міндетті түрде: жұмыстың атауы, орындау техникасы, қажет болған жағдайда – мазмұнын түсіндіру.

5.2. Бағалау өлшемдері:

– жұмыстың Көрме-байқау номинациясына сәйкестігі;

– халықтық дәстүрлерді сақтау және қолдану;

– жұмыстың орындалу сапасы және көркемдік деңгейі;

– түпнұсқалығы;

– бұйымның стильдік, көркемдік және образдың шешімінің тұтастығы;

– фотоның сапасы және анықтығы.

6. Көрме-байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау

6.1. Көрме-байқаудың жеңімпаздары Гран-при, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі, Көрме-байқау жеңімпаздары баспа форматында дипломдармен марапатталады.

6.2. Көрме-байқаудың қорытындысы 2024 жылдың 12 сәуірінен кейін shygysdaryn.ai.kz  сайтында орналастырылады.

6.3. Дипломдар мен сертификаттар 2024 жылдың 19 сәуірінен кейін Өскемен қаласы, Абай көшесі 21, 1-қабат, №101 кабинет мекенжайы бойынша алынуы қажет.

Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-26-91, 8 708 177 42 92.