Облыстық интеллектуалдық конкурстарды өткізу ЕРЕЖЕСІ

Дата публикации: 8.04.2024 в 12:24

І. Жалпы ережелер

1. Облыстық интеллектуалдық конкурстар (бұдан әрі – Конкурс) Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен (бұдан әрі – «Дарын» орталығы) өткізіледі.

2. Осы ереже облыстық интеллектуалдық конкурстардың мақсатын, міндетін, өткізілу тәртібін айқындайды. 

3. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • дарынды балаларды анықтау, қолдау;
  • оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін арттыру;
  • мектеп оқушылары арасында интеллектуалды ойындар, конкурстар, жарыстар, олимпиадаларды түсіндіріп тарату;
  • табысқа жетуді уәждеу.

4. Конкурсқа қатысу ерікті болып табылады, оқушыларды конкурсқа қатыстыруға олардың қалауына қарсы тартуға тыйым салынады. Конкурсқа қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды.

ІІ. Конкурстың жұмысшы органдары

5. Конкурсқа дайындық пен өткізудің ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру мен үйлестіру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

6. Ұйымдастыру комитеті:

– конкурстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;  

– тікелей басшылық жасайды;

– тапсырмалардың мазмұнын дайындайды, жұмыстарды бағалаудың критерилерін анықтайды, конкурс өткізілгенге дейінгі тапсырмалардың құпиялылығына жауап береді;

– жеңімпаздарды анықтайды;

–  нәтижесін талдап, қорытады.

7. Конкурсты ұйымдастыру үшін өткізілетін орындарда үйлестірушілер тағайындалады. Үйлестірушілер әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер және білім бөлімдерінің өкілдері болуы мүмкін.

Үйлестірушінің міндеті:

– конкурстар туралы ақпаратты уақытылы жеткізуге;

– конкурсты нұсқауларға сәйкес ұйымдастыруға.

ІІІ. Конкурсқа қатысушылар

8. Конкурстарға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 1–11 сынып оқушылары қатыса алады.

IV. Конкурсты өткізу тәртібі

9. Конкурстар барлық қатысушылар үшін алдын-ала іріктеусіз өткізіледі. Конкурстарға қатысу ақысыз.

10. Конкурстар бір уақытта онлайн режимде өткізіледі. Оn-lineтестілеу конкурс болатын күні  https:// shygysdaryn.ai.kz/ сайтында қолжетімді болады.

11. Конкурс 4 нұсқасы бар 30 мәтіндік тест тапсырмаларынан тұрады. Конкурс тапсырмаларын орындау – 60 минут.

12. Конкурс аяқталған кейін ұйымдастыру комитеті жеңімпаздарды анықтайды.

13. Ұйымдастыру комитеті конкурстың қорытындысы туралы мәліметті білім беру мекемелеріне жеткізеді.

V. Жеңімпаздарды марапаттау

14. Өтінім төлем негізінде жеңімпаздар мен қатысушыларға грамоталар (І, ІІ, ІІІ дәрежелі) мен сертификаттар беріледі.

VI. Конкурсты қаржыландыру

15. Шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.