«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылар олимпиадасын облыстық кезеңін өткізу туралы Ереже

Дата публикации: 30.04.2024 в 15:20

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Олимпиада) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді, өткізу және қаржыландыру тәртібін, қатысушыларды, жеңімпаздарды және жүлдегерледі анықтауды айқындайды.

1.2. Олимпиаданың негізгі мақсаты – білім алушылардың физикалық денсаулығының, физикалық және функционалдық дайындығының деңгейін анықтау.

1.3. Олимпиаданың міндеттері:

1) «Дене шынықтыру» пәнінің білім беру бағдарламасын зерделеу шеңберінде білім алушылардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын арттыру;

2) білім алушылардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын тәрбиелеу;

3) дене тәрбиесі арқылы білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіру;

4) теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

5) жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу;

6) жалпы білім беретін ұйымдарда дене шынықтыру мен спортты дамыту деңгейін арттыру.

2. Олимпиада кезеңдері

2.1. Олимпиаданы білім басқармасының тиісті органдары екі кезеңде өткізеді. Білім беруді басқару органдары ұйымдастыру комитеттерін құрады: аудандық (қалалық), облыстық.

2.2. Кезеңдер:

1) бірінші кезең – аудандық.

Аудандық / қалалық кезең 2024 жылдың 4 мамырына дейін аудандық білім бөлімдері әзірлеген тапсырмалар бойынша аудандық білім бөлімдерімен өткізіледі;

2) екінші кезең – облыстық. Облыстық кезең 2024 жылғы 14-15 мамырда Өскемен қаласында өткізіледі.

Барлық кезеңдердің тапсырмалары әдістемелік ұсынымдардың параметрлері мен критерийлеріне сәйкес бағаланады (№1 қосымша).

3. Олимпиадаға қатысуға өтінімдер

3.1. 2024 жылдың 6 мамырына дейін аудандық/қалалық білім бөлімдері өтінімнің электрондық нұсқасын (№2 қосымша) әр қатысушыға Олимпиада материалдарын дайындау үшін сынып бойынша, оқыту тілдері бойынша қатысушылардың санын көрсете отырып (файл атауын «Олимпиадаға өтінім» деп атап) ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының vk_ocfk@mail.ru электрондық поштасына жолдайды.

3.2. Аудандық/қалалық білім бөлімдері басшыларының қолымен дәрігер куәландырған Олимпиадаға қатысуға өтінімдер өткізу орнына келгеннен кейін мандаттық комиссияға беріледі.

Өтініммен бірге мандаттық комиссияға беріледі:

– Олимпиадаға қатысушының және команда өкілінің туу туралы куәлігі/жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме);

– оқушының осы оқу орнында оқитынын растайтын фотосуреті бар қатысушының жеке карточкасы (№3 қосымша);

– аудандық/қалалық білім бөлімдерінің команда және команда өкілінің жолдамасы бойынша, қауіпсіздік техникасын сақтау, қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі бұйрық.

4. Олимпиадаға қатысушылар

4.1. Олимпиадаға денсаулық жағдайы бойынша негізгі медициналық топқа жататын жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің
5-6, 7-8 сынып оқушылары, «Дене шынықтыру» пәні бойынша олимпиаданың бірінші кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады.

Облыстық кезеңге қатысушылар ауданның (қаланың) құрама командалары болып табылады.

Олимпиада теориялық және практикалық бөлім бойынша екі жас тобында өткізіледі:

1 топ – 5-6 сыныптар-10 оқушы (5 ұл, 5 қыз);

2 топ – 7-8 сыныптар-10 оқушы (5 ұл, 5 қыз).

Облыстық деңгейдегі Олимпиадаға қатысушыларға әр ауданнан/қаладан бірдей спорттық форма мен логотипі болуы ұсынылады.

4.2. Облыстық Олимпиадаға қатысушы білім алушылармен бірге жүретін жауапты тұлғалар Олимпиаданы өткізу орнына, оны өткізу кезінде және тұрғылықты жеріне қайту жолында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

5. Олимпиаданың жұмыс органдары

5.1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша жалпы басшылықты Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

Олимпиаданың Ұйымдастыру комитеті:

1) олимпиаданы өткізудің жалпы тәртібін айқындайды;

2) тікелей басшылықты жүзеге асырады;

3) дене шынықтыру бойынша оқушылардың пәндік олимпиадасын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алады;

4) Олимпиаданың Ұйымдастыру комитетінің төрағасына төрешілер алқасы мүшелерінің құрамы мен саны бойынша ұсыныстар енгізеді;

5) Олимпиада қорытындыларын талдайды және жинақтайды, бұйрық жобаларын және Олимпиаданың қорытынды шешімін дайындауға қатысады;

6) Олимпиада материалдарын БАҚ және әлеуметтік желілерде, сайттарда жариялайды.

5.2. Олимпиаданың бірінші кезеңіне басшылықты жүзеге асыру үшін аудандық (қалалық) ұйымдастыру комитеттері құрылады. Олардың құрамын білім бөлімдерінің тиісті органдары бекітеді.

6. Олимпиаданың төрешілер алқасы

6.1. Төрешілер алқасы жарыс кезінде әділеттілік пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді орындайды, нәтижелерді анықтауда, ережелердің орындалуын бағалауда және даулы жағдайларды шешуде шешуші рөл атқарады.

6.2. Төрешілер алқасының негізгі функциялары:

– жарыс ережесінің сақталуын қамтамасыз ету;

– жаттығулардың орындалуын бағалау;

– даулы жағдайларды шешу;

– тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау;

– ресми шешім ұсыну.

6.3. Олимпиаданың төрешілер алқасының құрамына төраға, хатшы және төрешілер алқасының мүшелері кіреді.

6.4. Төрешілер алқасының құрамына жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушылары, өткен жылдардағы республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер және жоғары біліктілігі бар («педагог-зерттеушіден» төмен емес) білім бөлімдерінің өкілдері енгізілуі мүмкін.

Төрешілер алқасының құрамына оқушылары Олимпиада кезеңдеріне қатысатын педагогтерді қосуға тыйым салынады.

6.5. Олимпиаданың төрешілер алқасы:

1) қатысушылардың жұмысын бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;

2) жеңімпаздарды айқындайды және жүлделі орындар беру үшін Олимпиаданың Ұйымдастыру комитетіне ұсыныстар береді;

3) Олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылауды және үйлестіруді жүргізеді.

6.5. Олимпиаданың төрешілер алқасы:

7. Жеңімпаздарды анықтау

7.1. Олимпиада теориялық және практикалық бөлімдерде ұпай сомасы бойынша үш жүлделі орынды айқындай отырып, жеке-командалық біріншілік ретінде өткізіледі.

7.2. Бірнеше қатысушылар мен командалардың нәтижелері тең болған жағдайда, практикалық тапсырманың жеке жаттығуларын орындау кезінде оларға бірдей ұпай саны беріледі.

7.3. Бірнеше қатысушылар мен командалардың ұпайлары тең болған жағдайда жеңімпаз практикалық бөлімнің басымдығына сәйкес анықталады.

7.4. Теориялық бөлімнің тапсырмаларын орындау кезінде жүлделі орын команданың барлық қатысушыларының дұрыс жауаптарының жалпы санымен анықталады.

7.5. Олимпиаданың жалпы командалық есебінде команданың теориялық және практикалық бөлімдерде жинаған ұпайларының саны жинақталады. Жеңімпаз, жүлдегерлер жинаған ұпайларының ең көп сомасы бойынша анықталады. Ұпайлар тең болған жағдайда Олимпиаданың практикалық бөлімінде үздік нәтиже көрсеткен командаға басымдық беріледі.

8. Қорытынды шығару және олимпиадаға қатысушыларды марапаттау

8.1. Жарысты төрешілер алқасы бағалайды.

Төрешілер алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен рәсімделеді.

8.2. Олимпиада қорытындысы бойынша төрешілер алқасы жеңімпаздарды анықтайды.

Жалпыкомандалық есептің жеңімпаз және жүлдегер командалары әр жас санатында І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, медальдармен марапатталады.

Жекелей есепте жеңімпаз және жүлдегер қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Номинациялар бойынша жеңімпаз және жүлдегер командалар мен қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Олимпиаданың қалған қатысушылары қатысу туралы электрондық сертификаттар алады. Қатысушылардың сертификаттарының электрондық нұсқалары ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының https://shygysdaryn.ai.kz сайтында орналастырылады.

Анықтама телефоны: 8 (7232)70-26-74.

9. Олимпиаданы қаржыландыр

9.1. Олимпиаданы қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.

9.2. Команда қатысушыларының, жаттықтырушылардың, еріп жүретіндердің  іссапар шығыстарын (Олимпиаданы өткізу орнына бару және кері қайту жолында), жарыс өткізілетін күндердің тәуліктік (тамақтану, тұру) шығындарын жіберуші тарап төлейді.