Бастауыш сынып оқушыларының облыстық «Балдырған» олимпиадасын өткізу ережесі

Дата публикации: 30.04.2024 в 15:31

1. Жалпы ережелер

1. Берілген ереже бастауыш сынып оқушыларының облыстық «Балдырған» олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізудің тәртібін, мақсатын, міндеттерін анықтайды.

2. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың зияткерлік дәрежесін жоғарлату, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін қажетті жағдай жасау, жетістікке жетуге уәждеме қалыптастыру болып табылады.

3. Олимпиаданың ұйымдастырушылары:  Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО).

4. Олимпиаданың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

2. Олимпиаданың жұмысшы органдары

1. Олимпиаданы дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

2. Ұйымдастыру комитеті:

– олимпиаданың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды, тікелей басшылықты жүзеге асырады;

– олимпиаданың қорытындысына талдау жүргізіп, жалпыландырады;

– олимпиада өткізілгенге дейін тапсырмалардың құпиялығына жауап береді.

3. Қатысушылардың құрамы

1. Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының командалары қатысады. Командалар олимпиаданың аудандық, қалалық кезеңдерінің қорытындысы бойынша құралады.

2. Олимпиада қатысушылары Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің және мамандандырылған білім беру мекемелерінің 3, 4 сынып оқушылары (оқу тіліне қарамастан) болып табылады.

Команда бекітілген квота бойынша (1 қосымша) 14 оқушы және 1 жетекшіден құралады.

Топ жетекшісі олимпиадаға қатысушылардың Олимпиада өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұратын жеріне дейінгі өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауап береді.

4. Олимпиаданың өткізілу тәртібі, мерзімі мен орны

1. Олимпиада ІІ кезеңде өткізіледі:

– бірінші кезең – аудандық/қалалық (сәуір);

– екінші кезең – облыстық (мамыр).

2. Жұмыс жазбаша түрде орындалады. Тапсырмаларды орындау уақыты – 90 минут.

3. Олимпиада барысында жеке жазбаларды, кез келген әдебиетті, мобильді байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынады.

4. Ережені бұзған жағдайда қатысушы Олимпиададан шеттетіледі.

5. Олимпиадаға тіркеу және қабылдау білім беру ұйымы басшысының қолы мен бекітілген аудандық/қалалық білім бөлімдерінен жіберілген өтінім бойынша (2-қосымша) жүзеге асырылады. Өтінім ағымдағы оқу жылының 15 мамырына дейін  priemnaya@shygysdaryn.kz. поштасына қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қарастырылмайды.

6. Жіберілген өтінімдегі деректердің дұрыстығына жіберуші білім бөлімдері жауапты.

7. Олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңдерін аудандық/қалалық білім бөлімдері мен облыстық мамандадырылған мектептер өткізеді. Олимпиада тапсырмаларын аудандық/қалалық Ұйымдастыру комитеті құрастырады және дайындайды.

8. Олимпиаданың облыстық кезеңінің тапсырмаларын ДпҚББДШҚҒӘО «Дарын» орталығы құрастырады және дайындайды.

9. Әр пән бойынша орындалған жұмыстарды тексеру және бағалау үшін облыстың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары, ғылым кандидаттары, доценттері мен оқытушылары қазылар алқасының құрамына кіреді.

10. Оқушылардың жұмысын тексеру аяқталғаннан кейін қорытынды хаттамалар Ұйымдастыру комитетінің интернет ресурсында жарияланады.

11. Оқушылардың тапсырманы орындау процесі кезінде бейнетрансляция жүргізіледі және бейнежазу облыстық кезең аяқталғанға дейін сақталады.

12. Апелляция қарастырылмаған.

5. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау

1. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.

2. Олимпиададағы жеңімпаздар саны қатысушылардың жалпы санының әр сынып және әр пән бойынша 50 пайызын құрайды.

3. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.  Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

6. Қаржыландыру

1. Олимпиаданың қаржыландырылуы бекітілген шығындар сметасына  сәйкес жүзеге асырылады.

2. Олимпиадаға қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары бағыттаушы білім мекемесінің есебінен өтеледі.