«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Дата публикации: 20.05.2024 в 13:26

2024 жылғы 16 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Фестиваль-байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы факторы ретінде балалармен жастар арасында театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

Фестиваль-байқаудың облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының аудандық (қалалық) кезеңдерінің және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің жеңімпазы болған театр ұжымдары қатысты.

Фестиваль-байқау 4 номинация бойынша өткізілді:

1) «Драмалық спектакль»;

2) «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзикл, данс-спектакль);

3) «Әдеби-музыкалық композиция»;

4) «Қуыршақ театры».

Фестиваль-конкурс қорытындысы бойынша:

Бас жүлде – Глубокое ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің театр ұжымы;

І орын – Шемонаиха ауданы, Усть-Таловка кенті балалар өнер мектебінің «New Life» театр ұжымы;

І орын – Өскемен қаласы, «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің «Софит» театр ұжымы;

ІІ орын – Катонқарағай ауданы, «Дарындылар» шығармашылық үйінің театр ұжымы;

ІІ орын – Өскемен қаласы, № 26 орта мектептің «Улыбка» театр ұжымы;

ІІ орын – Алтай ауданы, № 7 орта мектептің «Тамаша» театр ұжымы;

ІІІ орын – Өскемен қаласы, «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің «Полюс дружбы» театр ұжымы;

ІІІ орын – Күршім ауданы, Ю.А. Гагарин атындағы № 1 орта мектептің «Юнцы» театр ұжымы;

ІІІ орын – Глубокое ауданы, Уваров орта мектебінің «Премьера» театр студиясы;

ІІІ орын – Тарбағатай ауданы, Қ. Ақынов атындағы орта мектептің «Шабыт» театр ұжымы;

ІІІ орын – Тарбағатай ауданы, Балалар музыка мектебінің «Самғау» театр ұжымы.

Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары республикалық кезеңде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!