«Менің Отаныма – менің бастамам» шығармашылық жобалардың республикалық байқауының қорытындысы

Дата публикации: 28.05.2024 в 16:46

ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша «Менің Отаныма – менің бастамам» шығармашылық жобалардың республикалық байқауын 2024 жылғы 15-31 аралығында қашықтық форматында ұйымдастырып өткізді.

Дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету Байқаудың мақсаты болып табылады.

Байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 160 білім алушысы – облыстық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.

Байқауға қатысушылар «Жақсылық керуені», «Отаным – қасиетті туған жерім», «Мен – Қазақстанның азаматымын», «Менің ашық университеттерім», «Қазақстанның жеті кереметі», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңғырту полюсі», «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациялары бойынша әлеуметтік және шығармашылық жобалар ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Ақпаева Даяна «Менің ашық университеттерім» номинациясында І орын иегері атанды. Даянаға диплом және бағалы сыйлық табысталды.

Даянаны және оның жетекшісі мен ата-анасын жеңіспен құттықтаймыз!