«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының қорытындысы

Дата публикации: 30.05.2024 в 8:14

2024 жылғы 20-21 мамыр аралығында ШҚО оқушылары ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастырылуымен қашықтық форматында өткізілген  «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумына қатысты.

Форум 3 номинация бойынша өткізілді:

  1. «Мен мамандықты … таңдаймын» таңдалған мамандықтар бойынша презентациялар байқауы;,
  2. «Менің кәсібім – менің бизнесім» –  бизнес жобалар байқауы;
  3. «Жас мобилограф» – бейнероликтер мен бейнесюжеттер байқауы.

Форум қорытындысы бойынша республиканың барлық өңірінен қатысқан 180 қатысушының ішінен 21 жеңімпаз анықталып, соның ішінде Зайсан ауданының М.В. Ломоносов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ризабек Айназ «Мен мамандықты … таңдаймын» номинациясында ІІІ орын иегері атанды.

Айназды және оның жетекшісі мен ата-анасын жеңіспен құттықтаймыз!