1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған «7 КЕРЕМЕТ» облыстық балалар фестивалінің қорытындысы  

Дата публикации: 1.06.2024 в 15:17

Жаз айының бірінші күнінде өткізілген Халықаралық балаларды қорғау күні Шығыс Қазақстан облысының балаларына арналған ең жарқын мейрамдардың бірі болды.

         Балаларды қорғау күні ШҚО білім басқармасы Сол жағалау кешенінде (Этнопарк) «7 КЕРЕМЕТ» облыстық балалар фестивалін ұйымдастырды.

Облыстың кішкентай тұрғындарына арналған 7 алаңда көңілді мультфильм кейіпкерлері мен аниматорлар ойындар мен конкурстармен, эстафеталармен, шеберлік сабақтармен, квесттермен ойын-сауық бағдарламасын өткізді.

«Әншуақ» концерттік алаңының сахнасында облыстың үздік балалар ұжымдарымен қатар өнер көрсетуге ниет білдіргендердің барлығына мүмкіндік берілді.

Облыстық фестивальдің демеушілері «Қазмырыш» ЖШС, «HalykBank «Шығыс Қазақстан облыстық филиалы» АҚ, «GLOR-TRADE» ЖШС балаларға жүлде мен сыйлықтар дайындады.