Жас спортшылардың Республикалық жарыстағы жеңісі

Дата публикации: 11.06.2024 в 10:27

Шығыс Қазақстан облысының спортшылары 2024 жылдың 6-9 маусым күндері Өскемен қаласында өткен жеңіл атлетикадан Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы Гимназиадасының республикалық кезеңіне қатысты.

Спортшылар 100, 200, 400, 800, 1500 метр, екі және үш км қашықтықта, сонымен қатар, ұзындыққа секіру, найза лақтыру, биіктікке секіру, үш қарғып секіру, ядро серпу, диск лақтыру, 4х100 метрлік эстафета бойынша бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары жалпыкомандалық есепте жүлделі 1 орынды жеңіп алды.

Жекелей есепте: 7 алтын, 13 күміс, 3 қола медальді қанжығаларына байлады.

Спортшыларымызды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!