Жас спортшылардың Республикалық жарыстағы жеңісі

Дата публикации: 11.06.2024 в 10:23

Шығыс Қазақстан облысының спортшылары 2024 жылдың 2-10 маусым күндері Семей қаласында өткен 5-6 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңіне қатысты.

7 күнге созылған жарыс әр спортшының төзімділігін, күшін, батылдығын, шыдамдылығын талап етті. Олардың әрқайсысы алға қойған мақсаттарын орындай білді. Нәтижесінде облыс спортшыларының қыздар командасы жалпыкомандалық есепте жүлделі 3 орынға ие болды.

Спортшыларымызды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!