Облыстық жас қозғалыс инспекторлары слетінің нәтижесі

Дата публикации: 12.06.2024 в 10:28

2024 жылғы 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастамасымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Өскемен қаласының «№11 мектеп-лицейі» базасында жас инспекторлар қозғалысы жасақтарының облыстық слетін өткізді.

Облыстық ЖИҚ слетіне Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарынан 12-14 жас аралығындағы мектеп оқушыларынан 8 команда жас инспекторлары қатысты.

Облыстық слеттің салтанатты ашылуы Әнұран орындаудан басталды. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі мен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері құттықтау сөз сөйледі.

Сайыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте жүлделі орындарды келесі командалар иеленді:

1 орын – Өскемен қаласының «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ жасағы;

2 орын – Риддер қаласының «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ жасағы;

3 орын – Алтай ауданының «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ жасағы.

Барлық жүлдегерлер кубоктар, дипломдар және медальдармен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижеге қол жеткізулерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!