«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

Дата публикации: 20.08.2024 в 8:25

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңі қашықтықтан өткізілді.

Байқаудың мақсаты – көркемдік қызметпен айналысу үшін жоғары уәждеме жасау, бейнелеу шығармашылығы саласындағы жас таланттарды қолдау, балаларды қосымша біліммен қамту.

Байқауға 10-13 және 14-17 жас санаттары бойынша облыстың жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінен жалпы саны 133 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!