54-ші «Қазақстан оқушысы-2024» дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысының қорытындысы

Дата публикации: 20.08.2024 в 8:22

2024 жылғы 19 тамыз күні Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында 54-ші «Қазақстан оқушысы-2024» дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысының жабылу салтанаты өтті.

Шығыс Қазақстан облысынан жарысқа 7 оқушы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО командасының қатысушысы Жаманбаев Таир 90 шақырымдық топтық жарыстың үшінші кезеңінде жеңіске жеткені үшін ІІ дәрежелі дипломмен, сондай-ақ Сайранбек Бекнур 80 шақырымдық топтық жарыстың екінші кезеңінде жеңіске жеткені үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!