Жеңіл атлетикадан Қазақстандық Арнайы Олимпиадасының Облыстық турнирін өткізу туралы

Дата публикации: 28.08.2024 в 15:39

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 12 қыркүйек күні Өскемен қаласында Жеңіл атлетикадан Қазақстандық Арнайы Олимпиадасының Облыстық турнирі өткізіледі.

Турнирді өткізудің мақсаты – Арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау, спортпен айналысуға зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға кіріктіру, қоғамның, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдарға деген көзқарасын өзгерту және назар аудару болып табылады.

Турнирдің қатысушылары өтетін орны Өскемен қаласына дейінгі және қайтар жолдағы қауіпсіздігі үшін, жол полиция бөлімінің арнайы машинасының немесе қызметкерлерінің бірге ілесіп жүруімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Турнир Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес өткізіледі.

Турнирге медициналық-әлеуметтік мекемелер (MӘМ) мен арнайы мектептердің командалары өтінімдер негізінде қатыса алады.

Команда құрамы: 12 адам, 4 қыз, 4 ұл, 2 жаттықтырушы, 1 дәрігер, 1 команда өкілі. Турнирге қыздар мен ұлдар қатысуға рұқсат етіледі.

Командаларды бөлу келесі жас топтарында жүргізіледі: 12-15 жас, 16-21 жас.

Өтінім қатаң түрде нысан бойынша (1-қосымша) рәсімделеді, оған медициналық-әлеуметтік мекеменің (MӘМ), арнайы мектептің директоры қол қояды. Өтінімдер 2024 жылғы 6 қыркүйекке дейін (сканерленген) мына электрондық мекенжайға жіберіледі: sporturizm@shygysdaryn.kz.

Өтінімдер (түпнұсқа) өткізу орнына келгеннен кейін мандаттық комиссияға беріледі.

Мандаттық комиссияға өтініммен бір мезгілде:

1) қатысушының туу туралы куәлігі;

2) оқу орнынан анықтама ұсынылады.