Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы өткізу туралы

Дата публикации: 2.09.2024 в 14:51

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2024 жылдың қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өткізілетінін хабарлайды.

Олимпиаданың мақсаты – ауылдық жерлердегі мектептерде талантты жастарды анықтау және қолдау бойынша қолайлы жағдайлар жасау.

Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі:

Жаратылыстану-математикалық бағыты: биология, география, информатика, математика, физика, химия;

Қоғамдық-гуманитарлық бағыты: ағылшын тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқық негіздері орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен өткізіледі.

Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:

Бірінші кезең (бастапқы, мектепішілік) – қыркүйек айы;

Екінші ( аудандық) – қазан айы;

Үшінші (облыстық) – қараша айы;

Төртінші республикалық – ағымдағы жылдың желтоқсан айы.

I (бастапқы) кезеңге ауылдық жерлердегі мектептердің 9-11 сыныптарында оқитын барлық ниет білдірушілер қатысады .

Аталмыш олимпиаданың өткен жылғы (I орын) жеңімпаздары, биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне (қатысқан пәні бойынша) конкурстан тыс қатыса алады. Ескерту: олимпиаданың барлық кезеңдеріне қатысуға міндетті.

I кезең онлайн-платформада өтеді, оған қатысу үшін Олимпиадаға қатысушылар auyl.daryn.kz онлайн – платформасынан 04 – 20 қыркүйек аралығында тіркеуден өтуі тиіс. Бірінші (бастапқы) кезең 2024 жылғы 25 қыркүйектен басталады.