«Күз сыйы» шығармашылық конкурсын өткізу туралы

Дата публикации: 13.09.2024 в 14:45

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ШҚО-ның (мектепке дейінгі білім беру, бастауыш, орта білім беру, қосымша білім беру) білім беру ұйымдарының 4 пен 17 жас аралығындағы тәрбиеленушілері мен оқушылары арасында 2024 жылғы 30 қыркүйек мен 30 қазан аралығында «Күз сыйы» облыстық шығармашылық конкурсын қашықтықтан өткізетінін хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімді және жұмыстарды Ереже талаптарына сәйкес 2024 жылдың 30 қазанына дейін konkurs.vko@mail.ru электронды мекенжайға жіберу қажет.