«Қауіпсіздік мектебі – 2024» облыстық  жарыстарын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

Дата публикации: 13.09.2024 в 14:27

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Жарыстар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасымен Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 29 қосымша білім беру мектеп – орталығы» КММ қолдауымен өткізіледі. Жарыстар бағдарламаның және жарысты өткізу шарттарына сәйкес өткізіледі.

Жарыстар 2024 жылғы 25 қыркүйек  аралығында Глубокое ауданының Таулы Үлбі «Дарын» балалар сауықтыру лагері базасында өткізіледі.

Жарыс кезінде өмір сүру қауіпсіздігінің мәдениеті мәселелері бойынша балаларға және жас құтқарушылар-өрт сөндірушілер, жаттықтырушылар мен жастар көшбасшыларына жастармен жұмыс істеу, өмір сүру қауіпсіздігін оқыту, өскелең ұрпақ арасында өрт сөндіру-құтқару спортын танымал ету мәселелері бойынша шеберлік сабақтарын, семинарлар, тренингтер, оқу-жаттығулар мен дөңгелек үстелдер (жеке бағдарлама бойынша) ұйымдастырылады.

ЖАРЫСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Өскелең ұрпақпен жұмыс жасаудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу.

Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мәселелеріне, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс іс-қимыл жасау дағдыларына, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелеріне үйрету.

Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, педагогтердің назарын балалардың тентектігі, балалардың тіршілік қауіпсіздігі ережелерін білмеуі, төтенше жағдайларда әрекет етуді білмеуі себебінен туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алуға назар аудару.

ЖАРЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Жарыстарды дайындау және өткізу жарыстың ұйымдастыру комитетіне жүктеледі (бұдан әрі –  Ұйымдастыру комитеті).

Жарыстарды тікелей өткізу, жарыс түрлерін бағалау қазылар алқасына жүктеледі.

Қазылар алқасы мүшелерінің құрамы мен санын ұйымдастыру комитеті анықтайды. Әр байқауға немесе жарысқа кемінде 3 адамнан қазылар алқасы болады. Қазылар алқасының құрамына ұйымдастыру комитетінің өкілдері, ТЖД қызметкерлері, шығармашылық интеллигенция, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, қатысушы командалардың өкілдері кіруі мүмкін.

Балалардың бос уақыттарын  ұйымдастыру үшін «Дарын» балалар сауықтыру лагерінің мәдени-көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру бойынша мамандар тартылады.

ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Ұйымдастыру комитеті жарыс туралы ережені, жарыс бағдарламасын және жарыстарды өткізу шарттарын таратады.

Жарыстарға қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің атына жарыстарға қатысуға өтінім электрондық мекенжайға ұсынылады  or-vpv@mail.ru 2024 жылдың 17 қыркүйегіне дейін.

Барлық сұрақтар бойынша әскери-патриоттық тәрбиені дамыту бөліміне 70-26-74 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Өтінімде: білім беру ұйымының атауы және оның заңды мекенжайы; байланысатын тұлға және оның деректері; команда мүшелерінің толық аты-жөні, туған күні, айы және жылы, жынысы, жеке басын растайтын құжат бойынша ақпарат (нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі) көрсетіледі. Өтінім жіберуші тараптың қолымен және мөрімен куәландырылады.  

Өткен жылғы Қауіпсіздік мектебі жарыстарының жеңімпаздары жарысқа ҚАТЫСПАЙДЫ.

Жарысқа 15-17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатыса алады. Команда 8 адамнан тұруы керек, оның ішінде 7 қатысушы (5 жасөспірім және 2 қыз),  1 ересек адам (топ жетекшісі).

Команданың әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаты, конкурстар мен жарыстарға қатысуға жарамдылығы туралы медициналық анықтамасы (созылмалы аурулардың болуы/болмауы көрсетілген) болуы тиіс.

Қатысушылардың біркелкі киім үлгісі (салтанатты немесе спорттық киім) болуы тиіс. Әр команданың өз эмблемасы мен ұраны болуы керек.

Командада жеке газқағарлары боуы керек.

ЖАРЫСТАРДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жарыстарды өткізу кезінде барлық қатысушыларға білікті медициналық қамтамасыз ету ұсынылады, денсаулық жағдайын тұрақты бақылау, жарақаттанудың алдын алуы жүзеге асырылады, қажет болған жағдайда зардап шеккендерді емдеу мекемелеріне тасымалдау ұйымдастырылады.

Жарысқа қатысушыларды орналастыру және тамақтандыру орындарына санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіледі.

ЖАРЫСТАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жарыстарды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жауапкершілігі ұйымдастырушыларға жүктеледі. Қажет болған барлық бағыттарда (кезеңдерде) төрешілердің және кәсіби құтқарушылардың күшімен жарысқа қатысушыларды сақтандыру ұйымдастырылады.

Жаттықтырушы және команда басшысы жол жүру барысында және жарыстарды өткізу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуына, өз командасы мүшелерінің өмірі, денсаулығы және қауіпсіздік тәртіптерінің сақталуы үшін дербес жауапты болады.

Қатысушыларды даярлаудың қашықтық талаптарына сәйкестігі (жіберуші ұйымның бұйрығына сәйкес) команда басшыларына жүктеледі.

ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ, МАРАПАТТАУ

Қорытындылар 2-қосымшада айқындалған негізгі конкурс және қашықтық бойынша шығарылады.

Жалпы командалық есепте жүлделі орындарға ие болған командалар кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталады. Жеке номинацияларда жүлделі орындарға ие болған командалар грамоталармен марапатталады.

Балалардың бос уақытын қамтамасыз ету шеңберінде өткізілетін конкурстар жалпы есептен бөлек бағаланады. Осы конкурстардың жүлдегерлері ұйымдастыру комитетінің грамоталарымен марапатталады.

ЖАРЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жарыс өткізілетін жерге дейін және кері қайту жолы, жол жүру жолында тамақтану жіберуші ұйымдардың қаражаты есебінен жүргізіледі.

Команда мүшелері мен тартылған мамандардың тұруы мен тамақтануын ұйымдастыру, қатысушыларды қажетті арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі шығындар қабылдаушы жақ тарапынын болады.

Еріп келетін адамдардың (жаттықтырушы, команда басшысы, жүргізуші) тамақтануы мен тұруға шығындарды жіберетін ұйым төлейді.