2-7-сынып оқушылары арасында Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінің ережесі
Дата публикации: 20.09.2024 в 10:53
І. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастырылуын, мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібі мен қаржыландыруын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
2. Конкурсты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО) ұйымдастырады.
3. Конкурстың басты мақсаты балалардың танымдық қызығушылықтарын және зияткерлік – шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
4. Конкурстың басты міндеттері:
– оқушылардың зияткерлік шығармашылығын ерте мектеп жасынан дамыту, бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылығын ояту;
– ғылыми-техникалық және зияткерлік шығармашылық саласында қабілетті және дарынды балаларды айқындау, оларға қолдау көрсету;
– оқушылардың жоғары жетістіктерін, білім беру ұйымдарының оқу және ғылыми-ізденістегі жұмыс тәжірибесін, өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруды насихаттау және демонстрациялау;
– педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
– қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.
2. Конкурс қатысушылары
2. Конкурсқа жас зерттеушілер – 2-7-сынып оқушылары жеке, сондай-ақ, командалық құрамда қатыса алады (командалық 2 қатысушыдан аспау керек).
3. Конкурсқа қатыса отырып, оқушы (ата-анасы, заңды өкілдері) жеке деректерін өңдеуге, сондай-ақ, фото-бейне түсірілімге рұқсат береді.
3. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
1. Конкурс төрт кезеңнен тұрады:
1) бірінші кезең – мектеп аралық;
2) екінші кезең – аудандық/қалалық (қазанда);
3) үшінші кезең– облыстық (қараша айының бірінші он күндігінде);
4) төртінші (қорытынды) кезең – республикалық.
2. Конкурсқа 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі секциялар бойынша қабылданады:
№ | Секция | Пәні, факультатив |
1 | қазақ тілі мен әдебиеті | қазақ тілі мен әдебиеті |
2 | орыс тілі мен әдебиеті | орыс тілі мен әдебиеті |
3 | ағылшын тілі | ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі |
4 | математика, қолданбалы математика | математика |
5 | физика, космос | физика, технология |
6 | туризм және спорт | география, физкультура |
7 | тарих, өлкетану, | тарих, дүниетану, әдебиет, география |
8 | этномәдениеттану; | тарих, дүниетану, әдебиет, география |
9 | химия, биология | жаратылыстану |
10 | медицина, психология, экология | жаратылыстану, физкультура |
11 | информатика, робототехника STEM инженерия | информатика, робототехника |
12 | технология и искусство | музыка, еңбекке баулу, бейнелеу өнері |
3. Жұмысты қорғауға 7 минут уақыт беріледі (5 мин. баяндамаға, 2 мин. сұраққа).
4..Конкурсқа қатысу үшін аудандық/қалалық білім бөлімі басшыларының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген өтінім қажет.
5..Облыстық кезеңге әрбір секция бойынша әрбір ауданнан/қаладан 4 үздік жұмыс ұсынылады:
2 жұмыс – 2-4 – сыныптардан;
2 жұмыс – 5-7 – сыныптардан.
6. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарға түсініктеме берілмейді және қайтарылмайды.
7. Апелляция қарастырылмаған.
8. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.
9. Өтетін орынға жетекшілер мен ата-аналарға кіруге рұқсат етілмейді.
10. Конкурстың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау үшін оны өткізу процессі онлайн режимінде қадағалау үшін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
11. Конкурстың қорытындысы «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО сайтына орналастырылады: (https://shygysdaryn.ai.kz).
12. Ұйымдастыру комитетінің адресі: «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО, Абай даңғ., 21, тел. 55-20-12, 70-02-44 e-mail: vk_daryn@mail.ru.
4. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың рәсімделуіне 5-7 сыныптарға қойылатын талаптар
1. Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялық, эксперименттік, ойлап шығарушылық (жасампаздық) негізде болады. Жұмыс қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Жұмыстың көлемі 15 беттен аспауы керек. Беттерін нөмірлеу және жиегін қалдыру міндетті.
2. Конкурстық жұмысқа оқушылардың жетекшісі пікір береді. Онда таңдалған тақырыптың маңыздылығы, автордың жұмысқа қосқан жеке үлесі, артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіледі. Зерттеу конкурстарының барлық кезеңдерінде бұрын басқа конкурстарда ұсынылған жұмыстар қабылданбайды, зерттеу барысында плагиатқа, мәліметтер мен нәтижелерді бұрмалауға жол берілмейді. Мұндай фактілер анықталған жағдайда, ұйымдастыру комитеті тарапынан акт жасау арқылы жоба конкурсқа қатысудан шеттетіледі.
3. Ғылыми жетекші алынған нәтижелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді, бұл жұмыста дипломдық жұмыстардан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерінен және басқа көздерден қайта жазылған нәтижелердің жоқтығын растайды. Оқушы өз бетінше зерттеу қызметінің жаңа білімі мен дағдыларын игере отырып, өз деңгейіне сай жұмысты орындауы керек.
4. Жұмыстарға қойылатын талаптар:
1) титул парағында мыналар көрсетіледі:
– жұмыс орындалған білім беру ұйымының толық атауы;
– жұмыстың тақырыбы;
– секциясы;
– орындаушы (аты-жөні, сыныбы, мектебі, (қаласы) ауданы, облысы);
– жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, қызметі, жұмыс орны);
– жұмыс орындалған жыл.
Конкурстық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар: теру шрифті-Times New Roman, қаріп өлшемі-14 кегль (жол аралығы 1,5 см), абзац шегінісі – 1,25 см; өрістер: жоғарғы, төменгі, оң – 2 см, сол – 3 см; төменгі ортадағы беттерді нөмірлеу.
Титул парағы нөмірленбейді, келесі беттің нөмірі – 2. Жұмыс мыналарды қамтиды: мазмұны, қазақ немесе орыс тілдеріндегі аннотация (зерттеу жұмысы қай тілде жазылғанына байланысты), мәтін компьютерде басып шығарылуы және қамтылуы керек:
– титул парағы;
– мазмұны;
– аннотация жоғарғы сыныптар үшін (120-150 сөзден аспайтын) жұмыстың негізгі ережелерінің қазақ немесе орыс тілдеріндегі қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс (жұмыстың қай тілде жазылғанына байланысты);
– кіріспе: жұмыстың өзектілігі мен орнын көрсетеді, зерттеу мәселесі бойынша әдеби деректерге (отандық және шетелдік) қысқаша талдау жасай отырып, әдебиетке шолу;
– зерттеу бөлімі: тақырыпты таңдауы негіздеу, зерттеу материалдары мен әдістері, эксперименттік бөлім, жұмыс нәтижелері және оларды талқылау;
– қосымша (көрнекі материалдар, фотосуреттер, диаграммалар, зерттеу күнделігі, бейне схемалар, суреттер немесе макеттер);
– қорытынды (нәтижелер, ұсынымдар);
– пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Презентацияны рәсімдеуге қойылатын талаптар:
– титул тақырыбы;
– фон мен мәтіннің түсі бір-біріне қарама – қарсы болуы керек (ақ фон-қара мәтін) 12 слайдтан аспауы керек. Слайдтарды жасау кезінде назар аударыңыз:
1. анимациялық эффектілерді теріс пайдаланбаңыз;
2. қысқа сөздер мен сөйлемдерді қолданыңыз;
3. слайд тақырыптарын бөлектеңіз;
4. теру шрифті – Times New Roman, қаріп өлшемі-20, кегль – жол аралығы 1,5 см;
5. бір слайдты үлкен ақпаратпен толтырмаңыз.
Жұмыс құрылымы келесі бөлімдерді қамтуы керек:
- мақсат-міндеттер;
- өзектілігі;
- зерттеу сұрақтары (гипотеза);
- әдістер, амалдар, кезеңдер (процедуралар);
- қорытындылар, нәтижелер.
Қорғау барысында конкурстық жұмыстың презентациясына көрнекі материалдар, фотосуреттер, диаграммалар, зерттеу күнделігі, бейне схемалар, суреттер немесе макеттер немесе т.б. қосу қажет.
5. Оқушылардың жұмысы жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.
Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың рәсімделуіне 2-4 сыныптарға қойылатын талаптар
6. Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялық, эксперименттік, ойлап шығарушылық (жасампаздық) негізде болады. Жұмыс қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
7.. Конкурстық жұмысқа оқушының жетекшісі пікір береді. Онда таңдалған тақырыптың маңыздылығы, автордың жұмысқа қосқан жеке үлесі, артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіледі. Зерттеу конкурстарының барлық кезеңдерінде бұрын басқа конкурстарда ұсынылған жұмыстар қабылданбайды, зерттеу барысында плагиатқа, мәліметтер мен нәтижелерді бұрмалауға жол берілмейді. Мұндай фактілер анықталған жағдайда, ұйымдастыру комитеті тарапынан акт жасау арқылы жоба конкурсқа қатысудан шеттетіледі.
8. Ғылыми жетекші алынған нәтижелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Оқушы өз бетінше зертеу қызметінің жаңа білімі мен дағдыларын игере отырып, өз деңгейіне сай жұмысты орындауы керек.
Конкурстық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар:
теру шрифті-Times New Roman, қаріп өлшемі-14 кегль (жол аралығы 1,5 см), абзац шегінісі – 1,25 см; өрістер: жоғарғы, төменгі, оң -2 см, сол-3 см; төменгі ортадағы беттерді нөмірлеу.
Титул парағы нөмірленбейді, келесі беттің нөмірі-2. Жұмыс мыналарды қамтиды: мазмұны, қазақ немесе орыс тілдеріндегі аннотация (зерттеу жұмысы қай тілде жазылғанына байланысты), мәтін компьютерде басып шығарылуы және қамтылуы керек:
– титул парағы;
– мазмұны;
– аннотация бастауыш сыныптар үшін (200 сөз), жұмыстың негізгі ережелерінің қазақ немесе орыс тілдеріндегі қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс (жұмыстың қай тілде жазылғанына байланысты);
Аннотация құрылымы келесі бөлімдерді қамтуы керек:
- мақсат-міндеттер
- өзектілігі
- зерттеу сұрақтары (гипотеза)
- әдістер, амалдар, кезеңдер (процедуралар)
- қорытындылар, нәтижелер
- өнім жоба (көрнекі материалдар, фотосуреттер, диаграммалар, зерттеу күнделігі, бейне схемалар, суреттер немесе макеттер);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Презентацияны рәсімдеуге қойылатын талаптар:
– титул тақырыбы
– фон мен мәтіннің түсі бір-біріне қарама – қарсы болуы керек (ақ фон-қара мәтін) 12 слайдтан аспауы керек. Слайдтарды жасау кезінде назар аударыңыз:
1. анимациялық эффектілерді теріс пайдаланбаңыз;
2. қысқа сөздер мен сөйлемдерді қолданбаңыз;
3. слайд тақырыптарын бөлектеңіз;
4. теру шрифті – Times New Roman, қаріп өлшемі-20, кегль – жол аралығы 1,5 см;
5. бір слайдты үлкен ақпаратпен толтырмаңыз.
Қорғау барысында конкурстық жұмыстың презентациясына көрнекі материалдар, фототсуреттер, диаграммалар, зерттеу күнделігі, бейне схемалар, суреттер немесе макеттер немесе т.б. қосу қажет.
9. Оқушылардың жұмысы жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.
5. Қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
1. Конкурс жұмыстарын бағалау келесі белгілер бойынша жүзеге асырылады:
– ұсынылған шешімдердің өзектілігі мен шешу жолдарының жаңашылдығы (ерекшелігі);
– тақырыптың бірегейлігі, жобаның шынайлығы;
– жобаның нақты және маңызды нәтижелерінің болуы;
– жұмысты орындау мәдениеті, зерттеудің этикалық негіздерін, қағидаларын сақтау;
– баяндамашының құзыреттілігі, оның ішінде жоба бағыты шеңберінде диалог пен пікірталас жүргізу мүмкіндігі. (1-қосымша: бағалау критерийлері)
2. Жеңімпаздарды әрбір секция бойынша және жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген екі жас категориясы бойынша анықталады:
– 2-4 сынып оқушылары;
– 5-7 сынып оқушылары
3. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздардың саны қатысушылардың жалпы санының секция және жас санаты бойынша 45 пайызын құрайды. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.
4. Конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары І, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. І, II және III дәрежелі дипломдар саны мынадай үйлесімдікпен анықталады: III дәрежелі дипломдармен жеңімпаздардың 50%-ы, II дәрежелі дипломдармен 30%-ы, І дәрежелі дипломдармен 20%-ы марапатталады.
5. Конкурстың қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған, жеңімпаздардың үздік жұмыстары 2-7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық кезеңіне жіберіледі.
6. Қаржыландыру
1. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Конкурсқа қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді.