Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации: 24.09.2024 в 16:21
І. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар), Халықаралық Қағидалар (ISEF) талаптары, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2022 жылғы 12 қазандағы бекітілген «Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының Ережесі» негізінде әзірленген жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
Конкурстың мақсаты оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.
Конкурстың міндеттері:
1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
2) ең талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау;
3) оқушылардың үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету және насихаттау;
4) оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелеріне қоғамның назарын аудару және ғылыми-зерттеу ресурстарын тарту.
2. Конкурстың 4 кезеңнен тұрады: мектепішілік, аудандық/қалалық, облыстық, республикалық.
3. Конкурсқа 16 секцияда 4 бағыт бойынша жұмыстар ұсынылады:
І бағыт «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» – секциялар: физика; техника; Жер және ғарыш туралы ғылым.
ІІ бағыт «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» – секциялар: математика; қолданбалы математика; информатика; экономика.
ІІІ бағыт «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі» – секциялар: химия; биология; қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы.
ІV бағыт «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» – секциялар: тарих; өлкетану; этномәдениеттану; тіл білімі; адам және қоғам; әдебиет.
4. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар:
1) ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жекелеген, бұрын белгісіз жаңалықтарды және эксперименттерді жариялау;
2) мектеп эксперименттерін жетілдіруге және өндірістік процестерді рационализациялауға жәрдемдесетін практикалық міндеттерді шешуге жаңа енгізетін аппараттардың, модельдер мен аспаптардың конструкцияларын құрастыру;
3) әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған экономикалық-заңдық негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар әзірлеу;
4) зерттеу жобасының дайын өнімін (макет, өнім, модель, бағдарлама, буклет) ұсыну.
II. Зерттеу конкурсын ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары «Regeneron ISEF» (Вашингтон қ., АҚШ) тіркелген жобаларын аффиляция үшін тиісті жылдың 25 қыркүйегінен кешіктірілмей «Дарын» РҒПО-да тіркеледі.
2. Зерттеу конкурсы төрт кезеңде өткізіледі:
1) аудандық/қалалық кезең – білім бөлімдері оқушылардың ғылыми қоғамының немесе ғылыми жетекшінің ұсынысы бойынша 8-11 сынып оқушылары қатысады. Командалық жұмысты екіден көп емес оқушы орындайды.
2) облыстық кезең – екі турдан тұрады.
Облыстық кезеңге 9-11 сынып оқушылары қатысады.
Облыстық кезеңнің бірінші турына қатысу үшін жұмыс антиплагиатқа тексеріледі (бірегейліктің рұқсат етілген пайызы – 80%) және жоба алдын-ала сараптаудан өтеді.
Облыстық кезеңнің бірінші туры – жобаларды қорғау. Ғылыми жетекшінің пікірімен және ілеспе құжаттарымен (өтінім, зерттеу жұмысы, зерттеу күнделігі) жұмыстарды ұсынған, антиплагиатқа тексеру мен жобасы алдын-ала сараптамадан өткендер қатысады.
Конкурсқа қатысушылар төменде көрсетілген талаптарға сәйкес жобаны қорғау үшін демонстрациялық материал (баннер, макеттер немесе конструкциялар және тб.) дайындауы қажет.
Жұмысты қорғау кезінде жобаның авторына (бірлескен авторына) баяндама үшін 7-10 минут беріледі.
Облыстық кезең халықаралық практикаға сәйкес ашық көрме форматында ұйымдастырылады. Ютуб арна бойынша бейнебақылаумен трансляция жүргізіледі.
Облыстық кезеңнің екінші туры – Қағидалардың қосымшасында көрсетілген жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобаларының республикалық конкурсы өткізілетін пәндер тізбесіне сәйкес қатысушының сыныбына, оқыту тіліне сәйкес бейіндік пәндер бойынша тестілеу жүргізіледі.
Тестілеу 60 тест тапсырмасынан (120 балл) тұрады, оларды орындау үшін 2 астрономиялық сағат беріледі.
Тестілеу – бір мезгілде республиканың барлық облыстарында өткізіледі. Зерттеу байқауының ережелеріне сәйкес тестілеу нәтижелерінің апелляциясы қарастырылмаған.
Тестілеу кезінде қатаң тыйым салынады:
● тест тапсырмаларын ұжымдық орындау, бөгде адамның көмегін пайдалану (ата-аналар, мұғалімдер, интернет желісі және т. б.);
● ішкі жадтан немесе Интернеттен жүктелген мәтіндік, графикалық және/немесе аудио форматта ақпарат беруге қабілетті кез келген байланыс құрылғыларын, смартфондарды, смарт-сағаттарды немесе кез келген басқа гаджеттерді пайдалануға;
● кез-келген электронды немесе қағаз анықтамалық ақпаратты, оқулықтарды, басқа әдебиеттерді, конспектілерді және басқа дайындалған жазбаларды, калькуляторларды қолдану (Физика және химия пәндерінен калькуляторларды қолдануға рұқсат етіледі);
● жұмыс орнынан кету.
Облыстық кезеңнің қорытындыларын шығару кезінде тестілеу бойынша балдар және жобаны қорғау кезінде алынған балдар жинақталады (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жобалар).
Үшінші кезеңге тестілеу балдарының жалпы санынан кемінде 50% балл жинаған іріктеу кезеңінің екінші турына қатысушылар жіберіледі. Командалық жұмысты үшінші кезеңге жіберу үшін жұмыс авторлары жинаған балдардың орташа арифметикалық саны өту балы болып табылады (жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша жобалар).
Байқаудың республикалық кезеңіне ең көп балл жинаған, зерттеу жұмыстарының сараптамасынан өткен облыстық кезеңнің жүлдегерлері жіберіледі.
3) республикалық кезең – Ереже талаптарына сәйкес ресімделген стендтік материалды ұсынып, зерттеу жұмысын қорғайды.
Зерттеу жобаларын бағалау критерийлері
Зерттеу жобаларын бағалау осы Ереженің 3 тармағында көрсетілген І, ІІ, ІІІ бағыттағы жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша жазылған жобалар үшін 100 балдық шкала бойынша келесі критерийлер арқылы жүргізіледі: қойылған проблеманың өзектілігі, жобалық жұмыс мазмұнының сапасы, зерттеу әдістері, ғылыми және практикалық құндылығы, нәтижені бағалау, автордың жобаны 3 бағытта ұсына білуі: 1- ғылыми – 36 балл, 2- бизнеске бағдарланған – 32 балл, практикалық – 32 балл (3-5 қосымшалар).
Зерттеу жобаларын бағалау осы Ереженің 3 тармағында көрсетілген ІV бағыттағы қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша жазылған жобалар үшін 100 балдық шкала бойынша келесі критерийлер арқылы жүргізіледі: қойылған проблеманың өзектілігі, жобалық жұмыс мазмұнының сапасы, зерттеу әдістері, ғылыми және практикалық құндылығы, нәтижені бағалау, автордың жобаны ғылыми бағытта ұсына білуі (2 қосымша).
Конкурстың барлық кезеңдерінде: плагиатқа, бұрын басқа конкурстарда өз бетінше ұсынылған жұмыстарды пайдалануға немесе ұсынуға, сондай-ақ жануарларға қатыгездікпен қарау эксперименттері бар және адамдар мен жануарлардың денсаулығына зиянды (уытты) заттар пайдаланылатын, кәмелетке толмағандар үшін қол жеткізуге рұқсат етілмеген аппаратураны, канцерогендік және мутагендік әсері бар радиоактивті, зерттелмеген биологиялық белсенді қосылыстар; адамдар мен жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар; микроорганизмдер, вирустар, алкоголь, темекі, арнайы мақсаттағы дәрілік заттаржы пайдалануға жол берілмейді).
Жобалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс.
ІII. Зерттеу жобасын ресімдеуге қойылатын талаптар
1) Титул парағы нөмірленбейді, келесі беттің нөмірі-2 және титул парағында көрсетіледі:
– жұмыс, қала, мектеп орындалған ұйымның толық атауы; автордың (бірлескен автордың) тегі, аты, сыныбы;
– жұмыс атауы;
– бағыт, секция;
– жоба жетекшісінің (мұғалімнің) және ғылыми кеңесшінің (ғалымның) – тегі, аты, әкесінің аты;
– қала (конкурс өткізілетін орын), жылы;
2) Зерттеу жұмысының көлемі баспа мәтіннің 20 парағынан аспауы тиіс; теру шрифті – Times New Roman, шрифт өлшемі – 14, кегль (жоларалық интервал 1,5 см), азат жол шегінісі – 1,25 см; жиектері: жоғарғы, төменгі, оң жақ – 2 см, сол жақ – 3 см; беттерді төменгі ортасынан нөмірлеу.
3) Жұмыс қамтиды:
а) Мазмұны,
б) Эссе – көлемі 250 сөзден аспайтын, зерттеу жұмысы тілінде жазылады (оқушының алған нәтижесін сипаттауы және оның қазіргі заманның қандай да бір өзекті проблемасын шешуге ықпалын дәлелдеу. Сонымен қатар, автор зерттеу жетістіктері, мақсаттары мен мүдделері туралы сипаттап, өз жұмысының бірегейлігін айқындайды);
в) Аннотация – көлемі 250 сөзден аспайтын, зерттеу жұмысының тілінде және ағылшын тілінде жазылады (зерттеудің өзектілігі, мақсаты, гипотезасы; кезеңдері; әдістері; зерттеудің жаңалығы, дербестік дәрежесі және қорытындылары);
г) Ғылыми жетекшінің зерттеу жұмысына (ғалымның) шолуы – жұмыстың практикалық қызмет үшін маңыздылығы туралы ақпарат, зерттеудің өзектілігі дәрежесін және жұмысты орындаудың дербестігін көрсету.
д) Кіріспе – осы жұмыстың қажеттілігін көруге мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге аналитикалық шолу;
е) Жұмыстың зерттеу бөлігі (15 беттен артық емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұруы және мыналарды қамтуы тиіс:
– қойылған міндеттерді шешу әдістерінің сипаттамасы;
– жұмыс нәтижелері және оларды талқылау;
– А4-тегі иллюстрациялық материал (сызбалар, графиктер, фотосуреттер, суреттер);
ж) Қорытынды (1 беттен артық емес) жұмыстың негізгі нәтижелерін және олардың негізінде жасалған қорытындыларды, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарда пайдалану жөніндегі ұсынымдарды қамтиды;
з) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі жұмыстың соңында жалпы тізіммен мынадай тәртіппен келтіріледі: (автордың тегі мен аты-жөні; мақала мен журналдың атауы (журнал мақалалары үшін); кітаптың атауы; басып шығарылған жері мен баспасы (кітаптар үшін); беті, шығарылым нөмірі, шыққан жылы). Мәтінде пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер тік жақшада берілуі керек. Мәтінде сілтемелер пайда болған кезде нөмірлеу дәйекті болуы керек;
к) Қосымшалар:
Оқушының зерттеу жобасының күнделігі:
– зерттеу жоспары (мерзімі / айы-жылы; қызмет атауы; нәтижесі) (фото және видео растаумен, бейне ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс, көлемі 50 Mb аспауы тиіс);
– жоба жетекшісінің оқушының зерттеу жұмысы туралы Пікірі – таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа қосқан жеке үлесі, оқушының жоба бойынша жұмыс кезінде алған өзіндік зерттеу қызметінің жаңа білімі мен дағдылары, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдалану бойынша ұсыныстар көрсетіледі. Сонымен қатар, жетекші зерттеу барысында академиялық адалдық қағидаттарын, этикалық нормаларды, алынған нәтижелердің сенімділігі мен дұрыстығын сақталуын қамтамасыз етіп, растайды.
4) төртінші – республикалық кезеңге жобаға демонстрациялық материал дайындау ұсынылады (125*135 см. өлшемді постер, макет, модель немесе конструкция және т.б.).
Баннерді ресімдеуге қойылатын талаптар:
Баннер пішімі: 80*180 см. (стенд);
– фон мен мәтіннің түсі қарама – қарсы болуы керек (ақ фон-қара мәтін; қою көк фон – ашық сары мәтін және т. б.)
– автор туралы деректер жазылмауы керек.
Баннер құрылымы келесі бөлімдерді қамтиды:
– тақырыптың атауы;
– мақсаты мен міндеттері;
– өзектілігі;
– әдістер мен кезеңдер;
– нәтижелер, қорытындылар.
Баннер бойынша ұсыныстар:
– баннер кеңістігі шекті деңгейге дейін толтырылады. Баннер алаңының шамамен 50% мәтіндік ақпаратпен толтыру, бос орындарға суреттер, графиктер, кестелер және т. б. үшін пайдалану ұсынылады.
Баннерде көрсетуге тыйым салынған заттар/материалдар:
1. Логотиптерді, соның ішінде танымал коммерциалық брендтерді, институционалдық елтаңбаларды немесе сауда белгілкрін, жалауларды пайдалану;
2. Жобамен байланысты белгіленген немесе болжамды бизнестің коммерциялық мақсатын немес өміршеңдігін көрсету үшін әзірленген жекелендірілген графика/логотиптер.
3. Зерттеулерді қолдаған мекемеге немесе тәлімгерге кез келген сілтеме.
4. Жобаның патенттік мәртебесіне кез келген сілтеме.
5. дискілер, компакт-дискілер, флеш-дискілер, брошюралар, буклеттер, визиткалар, баспа материалдары немесе қазылар алқасына, жұртшылыққа таратуға арналған азық-түлік сияқты кез келген заттар.
6. Кез келген марапаттар немесе медальдар.
7. Пошта мекенжайлары, Дүниежүзілік желі, электрондық пошта, және/немесе әлеуметтік медиа мекенжайлары, QR кодтары, жобаның немесе қатысушының телефон және/немесе факс номерлері.
8. Демонстрациялық бөлігі ретінде белсенді Интернет немесе электрондық пошта байланысы.
IV. Зерттеу байқауының жеңімпаздарын марапаттау
1. Зерттеу конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
2. Облыстық кезеңдегі жеңімпаздар саны зерттеу конкурсының облыстық кезеңіне қатысушылардың жалпы санының 45 пайызын құрайды. Егер бірнеше қатысушы жүлделі орындарды айқындау үшін қажетті ең төменгі деңгейге сәйкес келетін бірдей балл жинаған жағдайда, қазылар алқасының шешімі бойынша республикалық кезең жеңімпаздарының саны артады.
3. I, II және III дәрежелі дипломдардың саны мынадай пропорция негізінде айқындалады: жеңімпаздар санының 50% III дәрежелі дипломдармен, 30% II дәрежелі дипломдармен, 20% I дәрежелі дипломдармен марапатталады.