«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

Дата публикации: 1.10.2024 в 15:51

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 01 қазан күні қашықтықтан «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты – білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.

Байқауға облыстың жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары қатысты.

Байқау 7 номинация бойынша өткізілді:

  1. «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы;
  2. «Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы;
  3. «Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы;
  4. «Су көлік саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы;
  5. «Авиация саласындағы модельдер, авиациялық техника әзірлеу саласындағы модельдер» номинациясы;
  6. «Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы модельдер» номинациясы;
  7. «Үздік рационализаторлық ұсыныс» жобасы» номинациясы.

Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!