Үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облысының 7-8 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы

Дата публикации: 11.10.2024 в 15:50

2024 жылғы 11 қазанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің (МБЖОРСМ) базасында үстел теннисінен 7-8 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Ойын ҚР Үстел теннисі федерациясы бекіткен ережелерге сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

І орын – «О. Бөкей атындағы №44 лицей» КММ, Өскемен қаласы;

ІІ орын – «Жаңа Ертіс орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы;

ІІІ орын – «Амангелді орта мектебі» КММ, Самар ауданы.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!