Облыстық зияткерлік марафонын өткізу туралы

Дата публикации: 15.10.2024 в 16:46

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Тілашар» облыстық зияткерлік марафонын (бұдан әрі – Марафон) ағымдағы жылдың 24 қазанында сағат 10:00-де өткізетінін хабарлайды.

Марафонның мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау және жан-жақты қолдау, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ету.

Марафон 1 сынып оқушылары үшін өткізіледі. Марафонға қатысушылар тобы құрылады.

Әр аудан/қала, облыстық мамандандырылған мектептерден команда құрамы 11 адам: 10 қатысушы және 1 топ жетекшісі. Марафон барысында команданың жеке құрамы өзгермейді. Тапсырмаларды қатысушылар жеке және топпен орындайды.

Қатысушыларда өздерімен бірге: туу туралы куәлігінің көшірмесі, мектеп құралдары (қалам, түрлі- түсті қарындаштар, өшіргіш, жай қарындаш) болуы қажет. Киімге қатысты қойылатын талаптар: әр қоманда құрамының айырықша белгілері болуы керек.

Өтінімді 2024 жылдың 18 қазанына дейін vk_daryn@mail.ru электронды мекенжайына жіберу қажет.