«Тілашар» облыстық зияткерлік марафонының ережесі

Дата публикации: 15.10.2024 в 16:53

1. Жалпы ереже

1. Осы ереже «Тілашар» облыстық зияткерлік марафонының (бұдан әрі – Марафон) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, өткізу мен қаржылындыру, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.

2. Марафонды ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» орталығы) болып табылады.

2. Марафон мақсаттары мен міндеттері

1. Марафонның мақсаты – дарынды оқушыларын анықтау және жан-жақты қолдау, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ету.

2. Міндеттер:

1) мектеп жасындағы дарынды балаларды айқындаудың және олардың дамуына жан-жақты қолдау  көрсетудің түрлері мен тәсілдерін жетілдіру;

2) 1 сынып оқушылар арасында ғылыми білімді жариялау және тарату;

3) интелектуалдық-шығармашылық қабілеттер машығын дамыту және балалардың іздемпаздық, зерттеушілік  қасиеттерін аша білу.

4) төзімділікке, ұжымдық шығармашылық істе ынтымақтастықта бола білуге тәрбиелеу.

3. Интеллектуалды Марафонды ұйымдастырушы комитет

1. Марафонды ұйымдастыру комитеті Марафонды дайындау мен өткізуге тікелей басшылық жасайды:

– Марафонға қатысуға өтінімдерді қабылдайды;

– Марафонның тапсырмаларын дайындайды;

– қазылар алқасының құрамын бекітеді;

– тапсырмалардың орындалуын бағалау критерийлерін дайындайды;

– Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды және марапаттайды;

– Марафон нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;

– Марафонның бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етеді.

4. Марафонға қатысушылар

1. Марафон 1 сынып оқушылары үшін өткізіледі. Марафонға қатысушылар тобы құрылады. Әр аудан/қала, облыстық мамандандырылған мектептерден команда құрамы 11 адам: 10 қатысушы және 1 топ жетекшісі. Марафон барысында команданың жеке құрамы өзгермейді. Тапсырмаларды қатысушылар жеке және топпен орындайды.

5. Марафон өткізу тәртібі

1. Конкурстық бөлім (жол парағына сәйкес) командалардың рет-ретімен әр түрлі «станциялардан» өтуінен тұрады. «Станциялардың» әрқайсында команда белгілі бір уақытта тиісті ойындық тапсырмаларды орындайды.

2. Топ жетекшісі өз командасымен бірге бағыт парағына сәйкес, марафон жолынан өтеді.

Марафон келесі «станциялар» бойынша өткізіледі:

1. Команда презентациясы (команда ұраны, атауы, қатысушылар командасының формасы: әр қоманда құрамының айырықша белгілері болуы керек.);

2. Сандар патшалығына саяхат;

3. Табиғаттың таңғажайыптары;

4. Әдебиет лабиринті;

5. Discovery;

6. Сиқырлы бояулар;

7. Superstar (өнер);

8. Көңілді старт.

3. Марафондық тапсырмаларды ойдағыдай орындау мектеп бағдарламасының көлемінен тыс білімді қажет етпейді, бірақ кейбір тапсырмалар оқушының жалпы эрудициясына арналған. Тапсырмалар стандартты емес жағдайда стандартты білімді қолдану мүмкіндігін қарастырады. Мұндай тапсырмаларды орындау кезінде оқушы логикалық және абстрактілі ойлау қабілетін, яғни жіктеу, жалпылау және ұқсастықтар салу, нәтижені (соның ішінде) түйсік, қиял мен қиялды болжау қабілетін көрсете алады.

4. Марафон 2024 жылы 24 қазанда Өскемен қаласында өтеді. Марафонға қатысу үшін өтінімдер (№ 1 қосымша) білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс ағымдағы жылғы 2024 жылғы 18 қазанға дейін келесі мекен жайға жіберіледі (е-mail: vk_daryn@mail.ru).

Өтінімге аудандардан/қалалардан, облыстық мамандандырылған мектептерден қатысушылардың тізімі қоса беріледі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, топ жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы және ұялы телефон нөмірі.

6. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

1. Марафонның барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

2. Марафонның қорытындысы бойынша барлық станциялардың қосындысы бойынша ең көп ұпай жинаған командалар жеңімпаз атанады. Марафонның жеңімпаз командалары мақтау қағаздарымен марапатталады.

7. Қаржыландыру

1. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО жүзеге асырады.

2. Қатысушылардың жол шығындары жіберуші білім мекемелерінің немесе демеушілердің есебінен өтеледі.