7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы туралы
Дата публикации: 1.11.2024 в 9:42
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы, жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы (бұдан әрі – Олимпиада) өткізілетіндігін хабарлайды.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және резерв құру.
Олимпиада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер («Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Информатика» пәндері) және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы («Қазақстан тарихы», «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытатын мектептеріндегі орыс тілі», «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі», «Ағылшын тілі») пәндерінен өткізіледі.
Олимпиада 4 кезеңде өткізіледі:
I кезең (мектепішілік) – ҚГБ және ЖМБ пәндері;
II кезең (аудандық/қалалық) – ҚГБ және ЖМБ пәндері;
III кезең (облыстық) – ҚГБ және ЖМБ пәндері;
IV кезең (республикалық) – тек ЖМБ пәндері.
Облыстық кезеңге қатысу үшін квота оқыту тіліне қарамастан әрбір пән бойынша 1 қатысушыны құрайды.
Осыған орай, Олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңін бүкіл облыс көлемінде:
2024 жылдың 7 қарашасында 7 сыныптарға – қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша Астана қ. уақытымен сағ. 10:00-де, жаратылыстану-математикалық бағыты сағ. 14:00-де;
8 қарашада 8 сыныптарға – қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша Астана қ. уақытымен сағ. 10:00-де, жаратылыстану-математикалық бағыты сағ. 14:00-де бір уақытта өткізу жоспарланып отыр.
Олимпиада өтетін кабинеттің жалпы көрінісін қамтитын камерамен қамтамасыз ету, яғни You Tube-каналына бейнетрансляцияны қосу және сілтемені аудан орталықтарының ресми сайтына орналастыру қажет. Интернет үзіліп қалса, бейнежазба жалғастырылуы қажет. Бейнежазба Олимпиаданың республикалық кезеңі аяқталғанға дейін сақталуы тиіс.
Сонымен қатар Олимпиаданың өтуі үшін жауапты үйлестірушіні тағайындап, 2024 жылғы 1 қарашаға дейін Олимпиада тапсырмаларын жіберу үшін үйлестірушінің электронды поштасын ШҚДпҚББДҒӘ «Дарын» орталығының vk_daryn@mail.ru эл. поштасына жіберуді сұраймыз.
аудан/қала | аты-жөні | жұмыс орны, қызметі | телефон нөмірі | электронды адресі |
Олимпиада тапсырмалары Олимпиада басталғанға дейін бір сағат бұрын көрсетілген электронды мекенжайға жіберіледі.
Ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін Олимпиада бойынша есепті бірыңғай формада (1,2,3 қосымшалар) қағаз және электронды нұсқада (Exсel бағдарламасында), мына электронды поштасына vk_daryn@mail.ru жіберу қажет.
Қосымша ақпарат: 8/7232/700244.