Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы туралы
Дата публикации: 4.11.2024 в 13:56
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы, жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы (бұдан әрі – Олимпиада) өткізілетіндігін хабарлайды.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және резерв құру.
Олимпиада жаратылыстану, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндерінен өтеді.
Облыстық кезеңге қатысу үшін квота оқыту тіліне қарамастан әрбір пән бойынша 1 қатысушыны құрайды.
Осыған орай, Олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңін бүкіл облыс көлемінде:
2024 жылдың 14 қарашасында сағ. 10:00-де 5 сыныптарға – жаратылыстану, математика орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша;
14 қарашасында сағ. 13:00-де 5 сыныптарға – ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен;
15 қарашада сағ. 10:00-де 6 сыныптарға– жаратылыстану, математика, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен;
15 қарашасында сағ. 13:00-де 6 сыныптарға – ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен.
Олимпиада өтетін кабинеттің жалпы көрінісін қамтитын камерамен қамтамасыз ету, яғни You Tube каналына бейнетрансляцияны қосу және сілтемені қалалар мен аудандар бойынша білім бөлімдерінің ресми сайтына орналастыру қажет.
Сонымен қатар Олимпиаданың өтуі үшін жауапты үйлестірушіні тағайындап, 2024 жылғы 4 қарашаға дейін Олимпиада тапсырмаларын жіберу үшін үйлестірушінің электронды поштасын vk_daryn@mail.ru эл. поштасына жіберуді сұраймыз.
Үлгі:
Аудан/қала | Аты-жөні | Жұмыс орны, қызметі | Телефон нөмірі | Электронды адресі |
Олимпиада тапсырмалары Олимпиада басталғанға дейін бір сағат бұрын көрсетілген электронды мекенжайға жіберіледі.
Аудандық (қалалық) кезеңнің нәтижесі бойынша қорытынды есепті (хаттама, сұраныс) білім бөлімінің басшылары/мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұранысты ағымдағы жылдың 20 қарашасына дейін қағаз және электронды нұсқада (Exсel бағдарламасында) vk_daryn@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
Сұраныс үлгісі
№ | Оқушының аты-жөні, тегі | Қатысушының ЖСН | Аудан | Мектеп | Сынып | Пән | Оқыту тілі | Әлеуметтік жағдайы | Пән мұғалімінің аты-жөні, тегі | Пән мұғалімінің ЖСН |
Қосымша ақпарат: 8/7232/700244.