Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің ұйымдастыру және өткізу ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации: 7.11.2024 в 15:43
І. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің(бұдан әрі – Олимпиада) ұйымдастыруды, әдістемелік қамтамасыз етуді, қатысу тәртібін және жеңімпаздарды анықтайды.
2. Олимпиада ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» орталығы) болып табылады.
3. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ, ғылыми білімді насихаттау болып табылады.
4. Олимпиада жалпы білім беру бағдарламалары негізінде келесі пәндер бойынша өткізіледі: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.
5. «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» пәніне ұлты туу туралы куәлігі бойынша сәйкестендірілетін өзге ұлт оқушылары (әкесінің ұлты қазақ адам болмауы тиіс) қатысады.
ІІ. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1. Олимпиада төрт кезеңде өткізіледі:
- Бірінші (мектепішілік) кезең;
- Екінші (аудандық/қалалық) кезең;
- Үшінші (облыстық) кезең;
- Төртінші (қорытынды) кезеңі.
ІІІ. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті
1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
2. Ұйымдастыру комитеті:
- Олимпиаданының дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Олимпиадаға қатысу үшін өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;
- Олимпиаданың қазылар алқасы мен сарапшыларының құрамын қалыптастырады және бекітеді;
- Олимпиада нәтижелерін талдап, қорытындылайды;
- Олимпиаданың дайындалуын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.
IV. Олимпиада қатысушылары
1. Олимпиадаға ШҚО білім беру мекемелерінің аудандық, қалалық кезеңнің жоғары ұпай жинаған 5-6 сынып оқушыларының жеңімпаздары қатыса алады.
2. Олимпиаданың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
3. Олимпиадаға қатыса отырып, оқушы (ата-анасы, заңды өкілдері) жеке деректерін өңдеуге, сондай-ақ, фото-бейне түсірілімге рұқсат береді.
V. Олимпиаданың өткізу шарттары
1. Олимпиаданың мектепішілік, аудандық/қалалық кезеңді аудандық/қалалық білім бөлімдері өткізеді. Олимпиаданың әр кезеңінің тапсырмаларын «Дарын» РҒПО құрастырады және дайындайды.
2. Орындалған жұмыстарды бағалау, оқушылардың жұмысын тікелей тексеру және бағалау, тапсырмаларды талқылау және түсіндіру, үшін қазылар алқасы мүшелерінің құрамы бекітіледі. Облыстық кезеңінде апелляция қарастырылмаған.
3. Ұйымдастыру комитеті Олимпиада тапсырмаларының құпиялылығын сақтауға және сапалы бейне трансляцияны ұйымдастыруға жауапты.
4. Әр айналымның соңында қатысушылардың жұмыстарының шифрланған және сканерленген көшірмелері Ұйымдастыру комитетінің интернет ресурстарына салынады.
5. Оқушылардың жұмысын тексеру аяқталғаннан кейін қорытынды хаттамалар Ұйымдастыру комитетінің интернет ресурсына салынады.
6. Оқушылардың тапсырманы орындау үдерісі бейнетрансляциямен сүйемелденеді және бейнежазба қорытынды кезең аяқталғанға дейін сақталады.
7. Олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңінің нәтижелері бойынша есеп (Қосымша №1), хаттама және өтінім ұсынылуы қажет. Олимпиаданың облыстық кезеңіне әр пән мен сынып бойынша ең жоғары ұпай жинаған 1 жеңімпаздан қатысады. Квота әр аудан/қаладан және облыстық мамандандырылған мектептерден – 16 қатысушы.
8. Олимпиадаға қатысу туралы білім бөлімінің басшылары, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс (Қосымша №2) priemnaya@shygysdaryn.kz поштасына жіберіледі.
Қосымша ақпаратты 8 (7232) 70-02-44 нөмірі бойынша алуға болады.
VI. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау
1. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны әр пән мен сынып бойынша Олимпиадаға қатысушылардың жалпы санының 45 пайызынан аспайды.
2. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
VII. Қаржыландыру
1. Олимпиадаға қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа жол жүру, тұру) жіберуші жақ есебінен төленеді.
2. Олимпиаданықаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» орталығы жүзеге асырады.