Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ЕРЕЖЕСІ

Дата публикации: 8.11.2024 в 9:31

І. Жалпы ережелер

1. Осы ереже жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Олимпиада) жеңімпаздарын ұйымдастыру және өткізу тәртібін, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етуді, қатысу тәртібін және айқындауды айқындайды.

2. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау болып табылады.

3. Олимпиада ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» орталығы) болып табылады.

4. Олимпиада келесі пәндер бойынша жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде өткізіледі: жаратылыстану-математикалық бағыт (математика, биология, физика, география, химия, информатика) және қоғамдық-гуманитарлық бағыт (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы).

5. «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» пәніне ұлты туу туралы куәлігі бойынша сәйкестендірілетін өзге ұлт оқушылары (әкесінің ұлты қазақ адам болмауы тиіс) қатысады.

ІІ. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

1. Олимпиада төрт кезеңде өткізіледі:

– мектепішілік кезең – ҚГБ және ЖМБ пәндері;

– аудандық/қалалық кезең – ҚГБ және ЖМБ пәндері;

– облыстық кезең – ҚГБ және ЖМБ пәндері;

– төртінші (республикалық) кезең – тек ЖМБ пәндері.

ІІІ. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті

1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

2. Ұйымдастыру комитеті:

  • Олимпиаданының дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
  • Олимпиадаға қатысу үшін өтінімдер мен қажетті материалдарды  қабылдайды;
  • Олимпиаданың қазылар алқасы мен сарапшыларының құрамын қалыптастырады және бекітеді;
  • Олимпиада нәтижелерін талдап, қорытындылайды;
  • Олимпиаданың дайындалуын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.

IV. Олимпиада қатысушылары

1. Олимпиадаға ШҚО білім беру мекемелерінің аудандық, қалалық кезеңнің жоғары ұпай жинаған 7-8 сынып оқушыларының жеңімпаздары  қатыса алады.

2. Олимпиаданың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

3. Олимпиадаға қатыса отырып, оқушының ата-анасы, заңды өкілдері жеке деректерін өңдеуге, сондай-ақ, фото-бейне түсірілімге рұқсат береді.

V. Олимпиаданың ұйымдастыру және өткізу шарттары

1. Олимпиаданың мектепішілік, аудандық/қалалық кезеңде аудандық/қалалық білім бөлімдері өткізеді. Олимпиада әр кезеңнің тапсырмаларын «Дарын» РҒПО құрастырады және дайындайды.

2. Орындалған жұмыстарды бағалау, оқушылардың жұмысын тікелей тексеру және бағалау, тапсырмаларды талқылау және түсіндіру, үшін қазылар алқасы мүшелерінің құрамы бекітіледі.

3. Ұйымдастыру комитеті Олимпиада тапсырмаларының құпиялылығын сақтауға және сапалы бейне трансляцияны ұйымдастыруға жауапты.

4.  Турлар өткізілгеннен кейін тапсырмаларды талдау, үйлестіру және әр пән бойынша апелляция жүргізіледі.

5. Апелляцияға қазылар алқасының мүшелері мен Олимпиада қатысушысы қатысады. Ата-аналар, мұғалімдер және басқа адамдар апелляцияға қатысуға рұқсат етілмейді.

6 Әр айналым аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстарының көшірмелері интернет ресурстарына салынады.

7. Оқушылардың жұмысын тексеру аяқталғаннан кейін қорытынды хаттамалар интернет ресурсына салынады.

8. Оқушылардың тапсырманы орындау үдерісі бейнетрансляциямен сүйемелденеді және бейнежазба қорытынды кезең аяқталғанға дейін сақталады.

9. Олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңінің нәтижелері бойынша есеп хаттама және өтінім ұсынылуы қажет. Олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысу үшін квота оқыту тіліне қарамастан әр пән мен сынып бойынша ең жоғары ұпай жинаған 1 жеңімпаздан қатысады.

10. Олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысу туралы өтінім білім бөлімінің басшылары, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс priemnaya@shygysdaryn.kz, vk_daryn@mail.ru пошталарына жіберіледі.

Қосымша ақпаратты 8 (7232) 700-244 нөмірі бойынша алуға болады.

VI. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

1. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны әр пән мен сынып бойынша Олимпиадаға қатысушылардың жалпы санының 45 пайызынан аспайды.

2.Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

VII. Қаржыландыру

1. Олимпиадаға қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа жол жүру, тұру) жіберуші жақ есебінен төленеді.

2. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» орталығы жүзеге асырады.