2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларның республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
Дата публикации: 12.11.2024 в 17:50
2024 жылдың 12 қарашасында 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылқ жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңі (бұдан әрі – Конкурс) өткізілді.
Конкурстың мақсаты – оқушылардың зерттеушілік және оқу-танымдық белсенділігін дамыту және қолдау, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу.
Облыстың барлық аймақтарынан келген 400-ден астам жас зерттеушілер – аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары 12 секция бойынша конкурсқа қатысты.
Зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын жас зерттеушілер филология, тарих, техника, жаратылыстану ғылымдары, сонымен қатар медицина және психология, технология және өнер, туризм және спорт салаларында өздерінің жұмыстарын ұсынды.
Облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдарынан құралған қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалады.
Конкурс қорытындысы бойынша 209 оқушы жүлделі орындарды иеленді, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жетістіктерімен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға одан әрі табыс тілейміз!