9-11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Дата публикации: 28.11.2024 в 14:52

Өскемен қаласы Оқушылар шығармашылық сарайының базасында тоғызқұмалақтан 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Жарыс Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бекіткен «Тоғызқұмалақ қағидасы мен ережесіне» сәйкес өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
І орын – «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ, Өскемен қаласы;
ІІ орын – «№14 негізгі орта мектеп» КММ, Өскемен қаласы;
ІІІ орын – «Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ, Самар ауданы;
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!