Шахматтан «Ақбозат» Шығыс Қазақстан облысының 9-11 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы

Дата публикации: 29.11.2024 в 15:55

2024 жылғы 29 қарашада Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы базасында шахматтан «Ақбозат» 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

І орын – «О. Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ, Өскемен қаласы;

ІІ орын – «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ;

ІІІ орын «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!