Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қатысушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы

Дата публикации: 29.11.2024 в 15:37

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 25-29 қарашасы аралығында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық олимпиаданың қатысушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша оқу-жаттығу жиындары Өскемен қаласындағы Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базасында өткізілді.

Оқу-жаттығу жиындарының мақсаты – оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау.

Оқу-жаттығу жиыны кезінде қатысушылар  өз білімдерін, дағдыларын бекітті. Мұғалімдер оқушыларға олимпиадаға дайындық бойынша әдістемелік ұсыныстар берді.

Олимпиаданың ақтық кезеңінде қатысушыларға сәттілік тілейміз!