8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Дата публикации: 2.12.2024 в 12:48
2024 жылдың 28-29 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауынақатысты.
Байқаудың мақсаты: жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағытталған тарихи білімді, дүниетанымды және өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру.
Байқауының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының қоржыны келесі жүлделермен толықты:
ІІI орын – «Ә. Кекілбаевтың прозалық және поэзиялық шығармалары бойынша мәнерлеп оқу бағыты» номинациясында Зайсан ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қадылбекова Дильназ;
ІІІ орын – «Ә. Кекілбаев шығармалары бойынша иллюстрациялық суреттер салу» номинациясында Үлкен Нарын ауданы, Шығармашылық үйінің тәрбиеленушісі Берікболсын Дарын;
ІІІ орын – «Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым» номинациясында Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 11 сынып оқушылары Жарысқан Іңкәр, Бергенбек Азамат, Қасым Батырхан, Әсет Райымбек, Еркінқызы Таңнұр иеленді.
Жеңімпаздар ІІІ дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!