Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қорытындысы

Дата публикации: 2.12.2024 в 12:32

2024 жылдың 26-30 қарашасы күндері Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қатысты.

Олимпиаданың мақсаты – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау.

Олимпиада төрт кезеңде өткізілді: бастапқы, аудандық, облыстық, республикалық. Қорытынды кезеңде облысымыздың намысын облыстық кезеңнің жүлдегерлері қорғады.

Олимпиада екі айналымнан тұрды: теориялық және тәжірибелік.

Олимпиада қорытындысы бойынша облысымыздың жетістіктер қоржыны 11 медальмен толықты.

І дәрежелі дипломмен және алтын медальдармен:

Глубокое ауданы Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебінің 9 сынып оқушысы Шерудило Кирилл (биология);

Глубокое ауданы Жаңа Ертіс орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қайқпан Абзал (география);

Шемонаиха ауданы Д. Карбышев атындағы Первомай жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының 9 сынып оқушысы Ярков Игорь (информатика);Шемонаиха ауданы И. Астафьев атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Лисаченко Владислав (математика);

ІІ дәрежелі дипломдар мен және күміс медальдармен:

Самар ауданы Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Шәміл Диана (биология);

Глубокое ауданы Верх-Березовка орта мектебінің 11 сынып оқушысы Петров Илья (информатика);

ІІІ дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен:

Глубокое ауданы Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебінің 10 сынып оқушысы Чугунов Владислав (биология);

Глубокое ауданы Предгорное орта мектеп-балабақша кешенінің 10 сынып оқушысы Шматов Артем (география);

Күршім ауданы Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінің 10 сынып оқушысы Құмарбекова Маржан (география);

Үлкен Нарын ауданы Қ. Дамитов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қайырбекова Жанерке (география);

Зайсан ауданы Қаратал орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қапезқызы Арай (химия) марапатталды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасы:

Тарбағатай ауданы Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Мұсағалиқызы Айшолпан (химия);

Глубокое ауданы Предгорное орта мектеп-балабақша кешенінің 9 сынып оқушысы Пулькин Степан (биология);

Ұлан ауданы Герасимовка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Долгополов Руслан (биология);

Күршім ауданы №3 Күршім гимназиясының 11 сынып оқушысы Жампеисов Айбар (география) берілді.

Өскемен қаласы № 49 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы  Жармуханбет Нурай (химия) берілді.

С. Демирель атындағы университетінің гранты Глубокое ауданы Жаңа Ертіс орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қайқпан Абзалға берілді.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қорытындысыбойынша ең үздік нәтижелері үшін жалпы командалық есепте Шығыс Қазақстан облысының командасы II орын «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясымен марапатталды.

Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!