Облыстық зияткерлік «Балапан» турнирін өткізу туралы
Дата публикации: 4.12.2024 в 7:26
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымектепке дейінгі білім беру және білім беретін мекемелерінің 4-5, 6 жас аралығындағы тәрбиеленушілеріне арналған облыстық зияткерлік «Балапан» турнирін (бұдан әрі – Турнир) өткізетінін хабарлайды. Турнирге қатысу ерікті болып табылады. Турнирге қатысу туралы шешімді балалардың ата-аналары (заңды өкілдері), мекеме қамқоршылық кеңесі қабылдайды. Турнир барлық қатысушылар үшін алдын-ала іріктеусіз өткізіледі.
Турнирдің қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар, жүлдегерлерге – грамоталар беріледі.
Аудандық/қалалық білім бөлімдерінің, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің, мектепалды мекемелердің үйлестірушілері Турнирге арналған тапсырмалар жинағын алу үшін өтінімді 2024 жылдың 20 желтоқсанына дейін Өскемен қ., Абай даңғ., 21 мекенжайы бойынша, тел: 8/7232/700-244, е-mail: vk_daryn@mail.ru төмендегі үлгі бойынша жіберуі қажет.
Тапсырмалар жинағының құны – демеушілер, әлеуметтік серіктестер, меценаттар, білім мекемелері үшін 600 теңгені құрайды.
Төлемді АҚ «Қазақстан Халық Банкі» (ШҚ ҒӘО «Дарын»), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), АҚ «ЦентрКредит Банкі» (ШҚ ӨҒПО «Дарын») қосымшалары мен терминалдары арқылы төлеуге болады.
№ | Аудан/ қала | Мектеп/ мектепалды мекеме | Байқау үйлестірушісінің аты-жөні (толығымен), байл.тел: | Тәрбиеленушілер мен оқушылардың саны | Барлығы | |
4-5 жас | 6 жас | |||||
Турнир өткізілгеннен кейін қатысушылардың конкурстық жұмысын өткізу кезінде үйлестіруші қатысушылардың тізімін қағаз және электронды нұсқада EXCEL форматында төмендегі үлгі бойынша жіберуі шарт:
№ | Қатысушының аты, тегі (толығымен) | Жасы | Оқу тілі | Мектеп, мектепалды мекеме | Қала/аудан | Қатысушыны дайындаған тәрбиешінің, мұғалімнің АЖТ |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Турнирді өткізу бойынша тапсырмалар жинағы мен нұсқаулықтар берілген өтінімге сәйкес таратылады. Тапсырмалар жинағы 2024 жылдың 23-24 желтоқсанына дейін сағат 09.00-ден бастап Турнир үйлестірушісіне Өскемен қаласы, Абай даңғ., 21 мекенжайында (жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма: сағ. 9.00-18.00, сен., жек.- демалыс, түскі ас сағ. 13.00-14.00) беріледі.