Оқушылар арасындағы «Ұшқыр ой алаңы» облыстық пікірсайыс турнирінің қорытындысы
Дата публикации: 24.12.2024 в 7:08

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, № 50 жалпы білім беретін мектебі базасында 2024 жылғы 21 желтоқсан күні оқушылар арасындағы «Ұшқыр ой алаңы» облыстық пікірсайыс турнирін өткізді.
Турнирдің мақсаты – білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.
Турнирге облыстың жалпы орта және облыстық білім беру мекемелерінен жалпы саны 90 оқушы қатысты.
Турнир «қазақ лигасы», «орыс лигасы» және «ағылшын лигасы» санаттары бойынша өткізілді.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:
Қазақ лигасы бойынша:
І орын – Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, «Әділет А» командасы;
ІІ орын – Катонқарағай ауданы, Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі, «Алаш-Қаратай» командасы;
ІІІ орын – Өскемен қаласы,Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі, «Saukele» командасы.
Орыс лигасы бойынша:
І орын – Алтай ауданы, Алтай қаласының мектеп-лицейі, «Адал ұрпақ» командасы;
ІІ орын – Риддер қаласы, №17 орта мектебі, «Оратор» командасы;
ІІІ орын – Самар ауданы, Сарыбел орта мектебі, «Буря и натиск» командасы.
Ағылшын лигасы бойынша:
І орын – Ұлан ауданы, Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі, «MindCrafted» командасы;
ІІ орын – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі, «The right ones» командасы;
ІІІ орын – Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, «Әділет С» командасы.
Турнирде үздік қатысушылар қосымша «Үздік спикер», «Үздік оратор», «Дебаттық креатив», «Ең сенімді ойыншы», «Ең білімді ойыншы», «Ең тапқыр ойыншы», «Ең мақсаты айқын ойыншы» номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды.
Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!