«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізу ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации: 8.04.2024 в 13:42
1. Жалпы ережелер
1.1. «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық кезеңінің қашықтықтан көрме-байқауын өткізу ережелері (бұдан әрі – Көрме-байқау) оның мақсатын, міндеттерін өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
1.2. Ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы болып табылады.
1.3. Мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
2. Көрме-байқаудың Ұйымдастыру комитеті
2.1. Көрме-байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
2.2. Ұйымдастыру комитеті:
– Көрме-байқауды өткізудің жалпы тәртібін анықтайды;
– тікелей басшылықты жүзеге асырады;
– Көрме-байқауға қатысу үшін өтінімдер мен қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;
– Көрме-байқау жұмыстарын бағалау критерийлерін анықтайды;
– нәтижелерді талдайды және қорытындылайды.
2.3. Көрме-байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
3. Көрме-байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
3.1. Көрме-байқау 2024 жылдың 03 сәуірінде қашықтықтан өткізіледі.
3.2. Қалалардың (аудандардың) білім беру бөлімдерінің басшылары қол қойған көрме-байқауға қатысу үшін өтінемдерді (1-қосымша) 2024 жылдың 01 сәуріне дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.
3.3. Конкурстық жұмыстар электрондық түрде қабылданады;
3.4. Өтінімге қатысушылар туралы ақпарат қоса беріледі (номинация, жұмыстың атауы, орындаушының Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, білім беру ұйымы, жетекшінің аты-жөні, ұялы телефоны);
3.5. Көрме-байқаудың ұйымдастырушылары көрме-байқау материалдарын БАҚ-та авторын көрсете отырып жариялауға құқылы.
4. Көрме-байқауға қатысушылар
4.1. Облыстық Көрме-байқауға аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 11-17 жас аралығындағы оқушылары қатысады.
5. Көрме-байқауды өткізу тәртібі және шарты
5.1. Көрме-байқауға авторлық (жеке) туындылардың әр түрлі жанрдағы, техникадағы және материалдағы фотосуреттері қабылданады: әр қатысушыдан 1 жұмыстан қабылданады (бір бала бір номинацияға қатысады):
1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;
2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);
3) металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;
4) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;
5) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;
6) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше;
7) ұлттық нақыштағы интерьердің дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т. б.
Барлық номинациялар бойынша жұмыстар түпнұсқаны сканерлеу немесе фотоға түсіру жолымен немесе компьютерлік графикалық редактордың көмегімен орындалған электрондық көшірмелер (графикалық файлдар) түрінде қабылданады. Файл параметрлері: jpg немесе png форматы.
Қосымша материал ретінде жұмыс жасау үдерісін көрсететін фотосуреттер ұсынылады. Міндетті түрде: жұмыстың атауы, орындау техникасы, қажет болған жағдайда – мазмұнын түсіндіру.
5.2. Бағалау өлшемдері:
– жұмыстың Көрме-байқау номинациясына сәйкестігі;
– халықтық дәстүрлерді сақтау және қолдану;
– жұмыстың орындалу сапасы және көркемдік деңгейі;
– түпнұсқалығы;
– бұйымның стильдік, көркемдік және образдың шешімінің тұтастығы;
– фотоның сапасы және анықтығы.
6. Көрме-байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау
6.1. Көрме-байқаудың жеңімпаздары Гран-при, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі, Көрме-байқау жеңімпаздары баспа форматында дипломдармен марапатталады.
6.2. Көрме-байқаудың қорытындысы 2024 жылдың 12 сәуірінен кейін shygysdaryn.ai.kz сайтында орналастырылады.
6.3. Дипломдар мен сертификаттар 2024 жылдың 19 сәуірінен кейін Өскемен қаласы, Абай көшесі 21, 1-қабат, №101 кабинет мекенжайы бойынша алынуы қажет.
Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-26-91, 8 708 177 42 92.