«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы

Дата публикации: 30.04.2024 в 15:38

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы  2024 жылдың 13 мамырында «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін қашықтық форматта өткізетінін назарларыңызға салады.

Фестиваль-байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының8-17 жас аралығындағы оқушылары қатыса алады.

Осыған орай, қалалардың, аудандардың білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған Фестиваль-байқауға қатысуға өтінімдерді rhet-2018@mail.ru электрондық мекенжайына 2024 жылдың  6 мамырына дейін жіберу қажет.