Бастауыш сынып оқушыларының облыстық «Балдырған» олимпиадасының қорытындысы
Дата публикации: 21.05.2024 в 11:17
2024 жылдың 20 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы №47 жалпы білім беретін мектептің базасында бастауыш сынып оқушыларының облыстық «Балдырған» олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері: ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың зияткерлік дәрежесін жоғарлату, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін қажетті жағдай жасау, жетістікке жетуге ынталандыру.
Олимпиадаға 3-4 сыныптардың 200-ге жуық оқушысы аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Қатысушылардың теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын облыстағы жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушыларынан құралған қазылар алқасы бағалады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен –28, ІІ дәрежелі дипломмен – 38, ІІІ дәрежелі дипломмен – 46 қатысушы марапатталды. Ерекше жетістіктері үшін 78 қатысушы грамотамен марапатталды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!