Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 7-8 оқушыларының олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысу қорытындысы
Дата публикации: 24.05.2024 в 8:03
2024 жылғы 20-22 мамырда Астана қаласында 7-8 оқушыларының жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадасы өткізілді. Оған облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған 12 оқушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру, жасөспірімдердің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру және олимпиада резервін құру.
Облыстың дарынды балалары – 7-8 сынып оқушылары математика, физика, биология, география, химия, информатика пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша алтын медальмен және І дәрежелі дипломмен Сайлаубек Нурислам – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 8 сынып оқушысы (биология) марапатталды.
Күміс медальмен және ІІ дәрежелі дипломмен Есімхан Бекзат – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы (информатика) марапатталды.
Қола медальмен және III дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
Джексенев Закир – облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің7 сынып оқушысы (математика);
Оралғазы Алидар – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы (физика);
Кызырбеков Тамерлан – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 8 сынып оқушысы (физика);
Айнабеков Денис – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы (химия);
Қайырғазин Құрмет – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 8 сынып оқушысы (химия).
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы Ноғайбаев Теміршын (география) марапатталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы үшінші жалпыкомандалық орынды иеленді.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!