ХХVРеспубликалық Абай оқуларының қорытындысы

Дата публикации: 17.06.2024 в 9:08

2024 жылғы 12-13 тамыз аралығында Абай облысында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XXV Республикалық Абай оқулары өтті.

Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен 131 оқушы қатысты.

Шығыс Қазақстан облысынан байқауға облыстық кезеңінің жеңімпаздары болған 6 оқушы қатысты.

Абай оқуларына қатысушылар 6 номинация бойынша сайысқа түсті:

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай өлеңдерін жатқа оқу байқауы;

– «Абайдың қара сөздері» – Абайдың қара сөздерін жатқа оқу байқауы;

– «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлының шығармаларын оқу байқауы;

– «Көңілім әнді ұғады» – Абай мен Шәкәрім ән-күйлерін мәнерлеп орындау байқауы;

– «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – өз шығармаларын орындау байқауы: өлеңдер, әндер, күйлер;

– «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» – Абай туралы көркем туындыларды толық білуі, талдау жасай білуі.

Республикалық жарыстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы командасының қатысушылары жүлделі орындарға ие болды:

  • ІІ орын – Балғабаева Айғаным, Каманова Аяулым (Зайсан ауданы);
  • ІІІ орын – Тоқтаубаев Алижан, Исабекова Жібек (Өскемен қаласы).

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практиқалық орталығының грамотасы – Серікқызы Ақжібек (Зайсан ауданы).

Республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары II, III дәрежелі дипломдармен, естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

XXV Республикалық Абай оқуларының жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!