54-ші дәстүрлі «Қазақстан оқушысы-2024» көпкүндік велосипед жарысын өткізу туралы

Дата публикации: 9.08.2024 в 7:36

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес «Қазақстан велосипед спорт федерациясы» РҚБ-мен бірлесіп 2024 жылғы 12-19 тамыз аралығында ШҚО аумағында 54-ші дәстүрлі «Қазақстан оқушысы-2024» көпкүндік ашық Республикалық велосипед жарысын өткізетінін хабарлайды.

Мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан Республикасында балалар мен жасөспірімдер спортын насихаттау және дамыту, мектеп жасындағы балаларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, моральдық-ерік-жігерлі, эстетикалық-адамгершілік, патриоттық қасиеттерді тәрбиелеу, еліміздің құрама командаларының резервін қалыптастыру үшін дарынды велосипедшілерді анықтау, Қазақстан Республикасының аймақтарында спорттың даму деңгейін айқындау.

Жарысқа Қазақстанның өңірлерінен 100-ге жуық жас спортшы (2006-2007 жылы туған және одан кіші ұлдар) қатысады.

Жарыс әр түрлі деңгейдегі жеті кезеңде өткізіледі: 80 км топтық жарыс, 90 км топтық жарыс, 25 км жеке жарыс, 50 км айналма жарыс және т. б.

Веложарыс қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.

2024 жылғы 12 тамыз, сағат 15.00-де – 54-ші дәстүрлі «Қазақстан оқушысы-2024» көпкүндік велосипед жарысының ашылу салтанаты (ШҚО ДШжСБ
«Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ, Қ.Сәтпаев даңғылы 82/8).

2024 жылғы 19 тамыз, сағат 13.00-де – жарыстың жабылу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі (ШҚО ДШжСБ «Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ, Қ.Сәтпаев даңғылы 82/8).