«Қауіпсіздік мектебі-2024» облыстық жарыстарын өткізу туралы
Дата публикации: 13.09.2024 в 14:33
ШҚО білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 25 қыркүйек аралығында «Дарын» лагерінің, Таулы Үлбі базасында «Қауіпсіздік мектебі – 2024» облыстық жарыстарын өткізу жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақпен жұмыс жасаудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мәселелеріне, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс іс-қимыл жасау дағдыларына, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелеріне үйрету.
Жарысқа 15-17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатыса алады.
Жарысқа қатысуға өтінімдерді 2024 жылдың 17 қыркүйек, сағат 17:00-ге дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы, е-mail: or-vpv@mail.ru, мекен-жайы бойынша жіберулеріңізді сұраймыз. тел. 8(7232)702674.