«Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша конкурс-фестивалін өткізу туралы

Дата публикации: 13.09.2024 в 15:00

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2024 жылғы 23 қазанда «Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша конкурс-фестивалін өткізеді (бұдан әрі – Конкурс).

Конкурсқа ұжымдар, солисттер, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан шағын мекемелер қатысады.

Конкурстың мақсаты: оқушылардың эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, орындаушылық шеберліктің хореографиялық дағдыларын қалыптастыру,  шығармашылық ұжымдарды анықтау, жас таланттарды қолдау, біздің өлкеміздің халықтары өнерінің көпұлтты дәстүрлерін насихаттау.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді texno_otdel@mail.ru электрондық мекенжайына 2024 жылдың 14 қазанына дейін жіберулеріңізді сұраймыз.