«Халықаралық мектеп пікірсайыс форматы (WSDF) контекстінде пікірсайыс клубтарын ұйымдастырудың жаңа әдістері» семинарының қорытындысы

Дата публикации: 13.09.2024 в 15:31

2024 жылғы 13 қыркүйек күні Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесе отырып «Халықаралық мектеп пікірсайыс форматы (WSDF) контекстінде пікірсайыс клубтарын ұйымдастырудың жаңа әдістері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинарға облыстың жалпы білім беру мектептерінің жалпы саны 60 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен пікірсайыс үйірмелерінің жетекшілері қатысты.

Қатысушылар пікірсайыс технологиясының жаңа әдістерін меңгеріп, пікірсайыс клубтарын жаңадан құру жөнінде теориялық білім мен практикалық тәжірибе алмасты.