2-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсын өткізу туралы

Дата публикации: 20.09.2024 в 11:02

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес жыл сайын  2-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының (бұдан әрі-Конкурс) облыстық кезеңі өткізіледі.

Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу мен оларға қолдау көрсету мақсатында жобаларды қорғау ереже бойынша келесі секцияларда жүргізіледі:

СекцияПәні, факультатив
1қазақ тілі мен әдебиетіқазақ тілі мен әдебиеті
2орыс тілі мен әдебиетіорыс тілі мен әдебиеті
3ағылшын тіліағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі
4математика, қолданбалы математикаматематика
5физика, космосфизика, технология
6туризм және спортгеография, физкультура
7тарих, өлкетану,тарих, дүниетану, әдебиет, география
8этномәдениеттану;тарих, дүниетану, әдебиет, география
9химия, биологияжаратылыстану
10медицина, психология, экологияжаратылыстану, физкультура
11информатика, робототехника STEM инженерияинформатика, робототехника
12технология и искусствомузыка, еңбекке баулу, бейнелеу өнері

Қалалар мен аудандар бойынша білім бөлімдерінің басшылары, облыстық мамандандырылған мектептердің директорлары:

1) Конкурстың қалалық/аудандық кезеңдерін ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін өткізу керек;

2) Конкурстың облыстық кезеңі 2024 жылдың қараша айының І онкүндігінде өткізілу жоспарланған;

3) облыстық кезеңге қатысуға 1,2,3,4,5 формаларға сәйкес толтырылған құжаттарды, сұранысты, конкурсқа қатысушы оқушының жұмысын (электронды нұсқасын) ШҚ ДпҚББДҒӘ «Дарын» орталығына тапсыруыңыз қажет.

4) Есептерді, қатысуға өтінімді және жұмыстарды кестеге сәйкес (Ережеге сәйкес қағаз және электронды нұсқасын) 2024 жылдың 24 қазанына дейін тапсыру керек. Кесте қоса берілген.

Облыстық кезеңге әр қаладан (ауданнан) әр секция бойынша бірінші орын алған 4 жұмысқа дейін ұсынылады (2-4 сынып арасында 2 жұмыс, 5-7 сынып арасында 2 жұмыс).

Конкурсқа жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Уақытынан кеш тапсырылған және талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар қарастырылмайды.