Облыстық интеллектуалдық «Айналайын» конкурсын өткізу туралы

Дата публикации: 23.09.2024 в 14:27

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2024 жылдың 26 қыркүйегінде оқушылардың оқу қызметін ынталандыру, қазақ тілі пәні бойынша талантты оқушыларды анықтау мақсатында 2-11 сынып оқушылары үшін облыстық интеллектуалдық «Айналайын» онлайн конкурсын (ары қарай – Конкурс) өткізетінін хабарлайды.

Конкурсқа қатысу ерікті болып табылады, оқушыларды конкурсқа қатысуға олардың қалауына қарсы тартуға тыйым салынады. Конкурсқа қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды. Конкурс барлық қатысушылар үшін алдын-ала іріктеусіз өткізіледі. Конкурсқа қатысу ақысыз.

Конкурс бір уақытта онлайн режимінде өткізіледі. Оn-lineтестілеу 2024 жылдың 26 қыркүйегі күнісағат 09:00-ден бастап 21:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) www.shygysdaryn.kz сайтында қолжетімді болады. Конкурс 4 нұсқасы бар 30 мәтіндік тест тапсырмаларынан тұрады. Конкурс тапсырмаларын орындау – 60 минут.

Конкурстың қорытындысы бойынша ата-аналарының (заңды өкілдері) қалауы бойынша ниет білдірген жағдайда жүлдегерлерге грамоталар, қатысушыларға сертификаттарды басып шығару үшін (құны 500 тг.) өтінім қабылданады. Төлемді АҚ «Қазақстан Халық Банкі» (ШҚ ҒӘО «Дарын»), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), АҚ «Центр Кредит Банкі» («Дарын» ғылыми-әдістемелік даму орталығы) қосымшалары мен терминалдары арқылы төлеуге болады.

Грамоталар мен сертификаттарға өтінімдер төлемақы түбіртегінің көшірмесімен білім бөлімдері/мектептерден ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 мекенжайында немесе vk_daryn@mail.ru электронды поштасында төмендегі үлгі бойынша қабылданады:

Орын Қала/ауданМектебіСыныбыҚатысушының тегі, аты (толығымен)Дайындаған мұғалімнің АТЖ