«Менің шағын Отаным» жас тарихшылардың жыл сайынғы облыстық интеллектуалдық конкурсын өткізу туралы

Дата публикации: 23.09.2024 в 14:33

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО) «Менің шағын Отаным» жас тарихшылардың жыл сайынғы облыстық интеллектуалдық конкурсы(бұдан әрі – Конкурс) өтетінін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты – туған ел тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық белсенділікті және қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сонымен қатар, өлкетану мен Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың білімдерін, ұлттық өзін-өзі анықтау және өзінің кіші отанына деген мақтанышын дамыту.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – аудандық (қалалық) кезең ағымдағы жылдың 9 қазанында Астана уақытымен бір мезгілде сағат 10:00-де өткізіледі;

Екінші кезең – облыстық кезең ағымдағы жылдың 16 қазанында;

Үшінші кезең – республикалық кезең ағымдағы жылдың 30 қазаны мен
1 қарашасы
аралығында өткізіледі.

Конкурсқа ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 9-10 сынып оқушылары  аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатыса алады. Әр аудан/қала, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден қатысатын қатысушылардың сандық құрамы 4 қатысушы (9 сынып – 2 оқушы, 10 сынып – 2 оқушы) және 1 үйлестіруші.

Конкурс екі айналымда өтеді:

І айналым – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша онлайн тестілеу;

ІІ айналым – 4 номинация бойынша:

– «Менің шағын Отанымның тарихы»;

– «Шағын Отанымның символы»;

– «Менің шағын Отанымның болашағы»

– «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» (эссе).

Білім бөлімінің басшылары, мамандандырылған мектеп директорларымен бекітілген Конкурсқа қатысу (Конкурс Ережесінде көрсетілген) туралы сұранысты  және 1-2 айналымының жұмыстарын 2024 жылдың 11 қазанға дейін vk_daryn@mail.ru. мекен-жайына жіберу керек.