Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы

Дата публикации: 24.09.2024 в 16:18

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» орталығы) оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Конкурс) өткізетіндігін хабарлайды.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

  1. мектепішілік/аудандық (қалалық) кезең – ағымдағы жылдың 24 қазанына дейін;
  2. облыстық кезең – қараша айының үшінші онкүндігі.

Облыстық кезең – екі турдан тұрады: жобаларды қорғау және бейіндік пәндер бойынша тестілеу.

Облыстық кезеңге 9-11 сынып оқушылары қатысады.

Облыстық кезеңнің бірінші турына қатысу үшін жұмыс антиплагиатқа тексеріледі (бірегейліктің рұқсат етілген пайызы – 80%) және жоба алдын-ала сараптаудан өтеді.

Облыстық кезеңнің бірінші туры – жобаларды қорғау. Ғылыми жетекшінің пікірімен және ілеспе құжаттарымен (өтінім, зерттеу жұмысы, зерттеу күнделігі) жұмыстарды ұсынған, антиплагиатқа тексеру мен алдын-ала сараптамадан өткен оқушылар қатысады.

Аудан/қала бойынша білім бөлімдері мен облыстық мамандандырылған мектептер кестеге сәйкес (кесте қоса берілген) «Дарын» орталығына келесілерді тапсыру қажет:

– облыстық кезеңіне қатысуға тапсырыс;

– есеп (1,2,3,4,5,6-шы үлгілер қағаз және электронды нұсқада);

– аудандық (қалалық) кезеңдердің қорытындысы бойынша хаттамалар;

  • оқушылардың жұмыстары (қағаз және электронды нұсқада);
  • туу туралы куәлігінің/жеке бас құжатының көшірмесі.

Тапсырылатын барлық құжаттар білім беру бөлімі басшысының (облыстық мамандандырылған мектеп директорының) қолымен, мекеме мөрімен бекітілуі қажет.

Зерттеу жұмыстарын ресімдеуге қойылатын талаптарды www.shygysdaryn.ai.kz сайтындағы Конкурсты өткізу ережесінен алуға болады.

Әрбір ауданнан (қаладан), облыстық мамандандырылған мектептен облыстық кезеңнің іріктеу айналымына әр секциядан үздік 3 жұмыстан жіберіледі (№1 қосымша).

Қалалар мен аудандар бойынша білім бөлімдерінің басшылары мен облыстық мамандандырылған мектептердің директорлары оқушылардың жұмыстары мен есеп құжаттарын кесте бойынша (№2 қосымша) өткізетін жауапты тұлғаны тағайындау қажет.

Талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп берілген құжаттар қарастырылмайды және қабылданбайды.